АЙМАҚТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » АЙМАҚТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ
02
желтоқсан
2025

АЙМАҚТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ

Lesson Study – мектеп дамуының жаңа бағыты!
  28 қараша 2025 жылы Шымкент қаласында білім беру саласының үздік тәжірибелерін тоғыстырған маңызды шара – Lesson Study әдіснамасына арналған аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция жоғары деңгейде өтті.
  Бұл жиында өңір мектептерінің мұғалімдері, директорлары, ПШО тренерлері, зерттеуші-педагогтер мен халықаралық тәжірибені білім беру жүйесіне енгізіп жүрген мамандар бас қосты.
  Конференцияның мақсаты: Қазақстан мектептеріндегі сабақты зерттеу тәжірибесін талдау, мұғалімдердің зерттеушілік мәдениетін дамыту, WALS-2025 идеяларын практикаға енгізу және білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын ұсыну.
Ресми ашылу рәсімі:  
Қатысушыларға құттықтау сөздерін арнап, білім берудегі өзгерістердің өзектілігін атап өткен спикерлер:
1. Калгинбаева Жанар Сакимбековна — ПШО Шымкент филиалының директоры, ф.ғ.к., доцент
2. Сейткулов Нурлыбек Акынович — Шымкент университетінің ректоры, п.ғ.д., профессор
Пленарлық отырыс: WALS-2025 әсерлері мен жаңа инсайттар:
Конференция барысында педагогтердің кәсіби өсіміне серпін берген мазмұнды баяндамалар ұсынылды:
1. «Lesson Study: мұғалімдер қоғамдастығын күшейтудің жолы» — Омарова Г.С.
2. «Моя история в Lesson Study» — Анартаева Гульзира Уласбековна
3. «Lesson Study: халықаралық тәжірибе және кәсіби даму» — Купешова А.Ж.
4. «Жаһандық тәжірибе – жергілікті жетістік» — Сауран ауданы мұғалімдері
Постерлік сессия – мұғалімдер тәжірибесіндегі зерттеулер көрмесі
Постерлік алаңда қатысушылар оқу сауаттылығы, формативті бағалау, ұлттық тәрбие, STEM, және зерттеушілік мәдениет бағыттарындағы жобаларымен бөлісті. Ерекше қуанышты жаңалық: Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің бастауыш сынып мұғалімдері –
Мырзабекова Айжан мен Мусабаева Мира – постер сайысында 1 орынды жеңіп алды.
Бұл – мектеп педагогтерінің еңбегін, зерттеуге деген ұмтылысын және тұрақты кәсіби дамуын айқын көрсететін үлкен жетістік. 
«WALS-идеялар тәжірибеде» мастер-класстар сериясы
Тәжірибелік бөлім аясында түрлі бағыттар бойынша мазмұнды шеберлік сабақтары өтті: мектепті зерттеу арқылы тиімді басқару
мұғалімдердің бірлескен зерттеуі мәтіндік талдау және оқу сауаттылығы
AI, AR/VR, нейроинтерфейс технологияларының білім берудегі маңызы
оқушылардың сыни ойлауын, мотивациясын және кәсіби бағдарын дамыту.  Бұл тәжірибе мұғалімдердің зерттеушілік дағдыларын дамытып қана қоймай, заманауи технологияларды білім беру үдерісіне тиімді енгізуге жол ашты.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив