04
қараша
2025
ЖИ ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН ҚОЛДАНУ ТӘСІЛДЕРІ

Математика, информатика және физика кафедрасының кезекті отырысында мұғалімдер өздерінің педагогикалық тәжірибесінде жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын қолдану мүмкіндіктері туралы баяндамалар жасады. Отырыста жасанды интеллектіні оқу үдерісіне енгізудің тиімді тәсілдері, оқушылардың танымдық белсенділігін арттырудағы рөлі, сондай-ақ ЖИ негізіндегі білім беру құралдарын сабақ барысында пайдалану тәжірибелері қарастырылды. Мұғалімдер өз сабақтарында ChatGPT, интерактивті платформалар және автоматтандырылған бағалау жүйелері сияқты құралдарды қолдану тәжірибелерімен бөлісіп, олардың артықшылықтары мен шектеулерін талқылады.