ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫНЫҢ І ТОҚСАНДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИНАЛЫСЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫНЫҢ І ТОҚСАНДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИНАЛЫСЫ
31
қазан
2025

ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ КАФЕДРАСЫНЫҢ І ТОҚСАНДЫҚ ҚОРЫТЫНДЫ ЖИНАЛЫСЫ


Бүгін Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейдің қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасында І тоқсан қорытынды жиналысы өтті.
Кездесудің басты мақсаты – тоқсан бойы атқарылған жұмыстарды саралап, жетістіктерді айқындап, алдағы міндеттерді айқындау болды.
Кафедра меңгерушісі Сариева Айкен Сәркитовна жиналысты ашып, әріптестердің шығармашылық ізденісін, оқушылармен бірлесе жүргізген нәтижелі еңбектерін атап өтті. І тоқсан барысында ұстаздар оқу мен тәрбиені ұштастырып, оқушы бойына ұлттық құндылық пен сөз мәдениетін дарытуда тың әдіс-тәсілдер қолданғаны сөз болды.
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында өткізілген іс-шаралар – “Мектеп театры – оқушы шығармашылығының айнасы”, “Абай мұрасы – рухани бағыт”, “Тіл мәдениеті және заманауи медиа” сияқты мазмұнды жобалар кафедра еңбегінің биігін айқындады.
Оқушылар республикалық, қалалық және лицейішілік байқауларда белсенділік танытып, ұстаз еңбегінің нәтижесін көрсетіп отыр.
Кафедра мүшелері білім сапасын арттырумен қатар, әдістемелік тәжірибемен бөлісу, цифрлық білім беру кеңістігінде жаңашыл форматтарды енгізу бағытында да елеулі жұмыстар атқарды.
Жиналыс соңында алдағы ІІ тоқсанға арналған жұмыс бағыты нақтыланып, шығармашылық ынтымақтастық рухында жылы тілектер мен алғыс сөздер айтылды.
«Тіл мен әдебиет – ұлт рухының өзегі. Сол өзекті біліммен, ізгілікпен нәрлеу – ұстаздың ұлы миссиясы» деген оймен отырыс қорытындыланды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив