ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
28
қазан
2025

ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9  IT лицейінде өткен педагогикалық кеңес – тәрбиенің жаңа қадамдары.
Бүгін IT лицейімізде маңызды тақырыптарға арналған педагогикалық кеңес өтті. Кеңестің басты мақсаты – жаңа оқу жылындағы тәрбие жұмысының басым бағыттарын айқындап, оқушылардың тұлғалық және психологиялық дамуын қолдау жүйесін жетілдіру болды.
🟦 Күн тәртібінде:
1️⃣ «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: нәтижелер мен жаңа оқу жылындағы басымдықтар
 Н.Р.Дусметова. 
Баяндамашылар лицейде жүзеге асырылып жатқан «Адал азамат» бағдарламасының нәтижелерін талдап, оқушылардың бойында адамгершілік, отансүйгіштік, еңбекқорлық және жауапкершілік сияқты қасиеттерді қалыптастыру бағытындағы жұмыстармен бөлісті. Жаңа оқу жылында осы құндылықтарды сабақ пен сыныптан тыс іс-шараларда жүйелі ілгерілету көзделіп отыр.
2️⃣ «Жеке қауіпсіздік сабақтары» бағдарламасы бойынша ұсыныстар және мазмұнын өзектендіру
 Н.Р.Дусметова.
Бұл бағытта педагогтерге жеке қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудың заманауи тәсілдері ұсынылды. Әсіресе, киберқауіпсіздік, эмоциялық саулық және әлеуметтік қарым-қатынас мәдениеті тақырыптарын қамтитын сабақтардың мазмұнын жаңарту жолдары талқыланды.
3️⃣ «Безопасность начинается с доверия: как педагог может стать “взрослым, которому доверяют”» Г.Я.Чилингарова.
Бұл баяндамада педагог пен оқушы арасындағы өзара сенім орнатудың маңыздылығы атап өтілді. Сенім – оқушының тұлғалық дамуы мен психологиялық қауіпсіздігінің басты тірегі екені айтылды.
4️⃣ І тоқсанда педагог-психологтың жүргізген жұмыстарының қорытындысы. Ә.Б.Бектаева.
Психолог лицейдегі психологиялық ахуалға талдау жасап, оқушылардың бейімделу деңгейі, эмоционалдық тұрақтылығы және сынып ұжымдарындағы өзара қарым-қатынастың нәтижелерін ұсынды. Сонымен қатар төмен деңгей көрсеткен оқушылармен жеке жұмыс жүргізу ұсынылды.
🟨 Педагогикалық кеңес қаулысы:
«Адал азамат» бағдарламасы лицейдің тәрбие жұмысының негізгі бағыты ретінде одан әрі жалғасын табады;
«Жеке қауіпсіздік сабақтары» барлық сыныптарда жүйелі түрде өткізіледі;
«Отбасы – мектеп – мемлекет» үштік серіктестік байланысы нығайтылсын;
Төмен нәтижелі оқушылармен жеке психологиялық кеңес пен қолдау жұмыстары жүргізілсін;
1–11 сыныптарда психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу жалғастырылсын.
🌿 Бұл кеңес лицей ұжымының оқушылардың адамгершілік құндылықтарын, қауіпсіздік мәдениетін және сенімге негізделген қарым-қатынас ортасын қалыптастыруға бағытталған үйлесімді жұмысының айғағы болды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив