15
желтоқсан
2025
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
Ө.Жолдасбеков атындағы N 9 IT лицейде 12.12.2025 жылы «Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жетекшілері Мошкалова Лаззат Демесбековна және Абенова Жазира Абдимомынқызының бастамасымен 7-8 класс оқушыларының әкелерімен «Әке – отбасының тірегі, ұлт тәрбиесінің негізі» атты Әкелер қауымдастығымен маңызды кездесу өтті. Ашылу салтанатты түрде,оқушылардың даярлаған ән- шашуымен ашылды. Лицей директоры Абилдаева Гулназ Сайлауовна кездесуді ашып сөз алды.Бұл басқосу — баланың тәрбиесіндегі әкенің рөлін терең түсінуге, мектеп пен ата-ананың байланысын нығайтуға бағытталған мәнді шара деп атап өтті.
Кездесу барысында:
1. Ойын арқылы әкелермен танысудан басталды , өз баласы туралы толық ақпарат білетіндігі біздерді қуантты.Сынып жетекшілер ата- анамен тығыз байланыста жұмыстар жүргізетіндігі байқалды.
Қатысушылар қазіргі қоғамда әкенің жауапкершілігі, балаға мінез, тәртіп, батылдық, еңбексүйгіштік сияқты қасиеттерді үлгі арқылы бойына сіңірудің маңызы жайлы пікір алмасты. Әкенің отбасыдағы орны – тек қамтамасыз етуші емес, баланың жан-жақты дамуына бағыт-бағдар беретін тұлға екені атап өтілді. Өмірде әке мен бала арасындағы қарым - қатынас барысында кездесетін жағдаяттарды шешу оны талқылау қызықты өтті.
2. Мектеп пен әке арасындағы серіктестікті күшейту жолдары қаралды.
Әкелер қауымдастығы мектеп өміріне қандай үлес қоса алатыны, оқушылардың тәртібі мен қызығушылықтарын дамытудағы ортақ жауапкершілік мәселесі көтерілді. Оқушыларға мамандық таныстыру, спорттық шаралар өткізу, ер баланың азаматтық болмысын қалыптастыруға атсалысу туралы ұсыныстар жасалды.
3. Тәрбиелік маңызы бар пікір алмасу ұйымдастырылды.
Кездесуге қатысқан әкелер өз тәжірибесімен бөлісіп, бала тәрбиесіндегі қиындықтар мен қуанышты сәттер туралы әңгімеледі. «Әке – отбасының айнасы» деген ойдың мәні терең талданды.
4. Оқушылардың дамуына бағытталған ортақ бастамалар жоспарланды.
Алдағы уақытта әкелердің қатысуымен өткізілетін шеберлік сабақтары, спорттық жарыстар, ер балаларға арналған тәрбие сағаттары және отбасы құндылықтарын насихаттайтын “Әкелер жобасы”жасалды.
Кездесудің маңызы:
Бұл басқосу — отбасы, мектеп және қоғам арасындағы үйлесімді байланысты нығайтудың нақты қадамы болды. Әкелердің белсенділігі бала тәрбиесіне үлкен демеу болып, ұлттық тәрбиенің өзегін сақтауға ықпал ететіні ерекше атап өтілді.
Ең маңыздысы — әр әке өз баласының болашағына деген жауапкершілікті сезініп, тәрбие процесіне белсенді қатысудың қажеттігін мойындады.
Кездесу жылы атмосферада өтіп, алдағы ынтымақтастыққа жол ашты.










