20
қыркүйек
2019
"Қылмыссыз балалық шақ"акция "Ата-аналармен коучинг"
"Қылмыссыз балалық шақ" акция аясында 20.09.2019 ж. "Ата-аналармен жұмыс" күні барысында бала тәрбиесінде отбасы тәрбиесінің жауапкершілігін көтеру мақсатында ата-аналармен "Отбасы - тәрбие айнасы" тақырыбында коучинг өткізілді. Коучинг барысында "Ұл тәрбиесі", "Қыз тәрбиесі", "Жыныстық тәрбие", "Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу", "Ата-аналармен сауалнама" және т.б. мәселелер қаралды. Лицей психологы Э.Муетова ата-аналармен тығыз жұмыс жасады.