05
наурыз
2021
Дебат турнирі



04.03.2021 Ө.А.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицей мұғалімдері, 11- сынып оқушылары мен ата – аналары Search for Common Ground және IDEA Орталық Азия бірлескен "Central Asian Transformers" (CAT) жаңа жобасына қатысты. CAT – Орталық Азия жастарына білім беру жобасы. Жобаның мақсаты – жастардың сыни ойлау қабілеттерін, қарым-қатынасты, көшбасшылық қасиеттерін арттыру және олардың қоғамның түрлілігіне төзімділікті арттыру. Жоба Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстан жастарына бағытталған.
Кездесу «Пандемия кезінде мектеп оқушыларын онлайн оқыту» тақырыбына арналды. Модератор - Саранова Данара (Қазақстан бойынша жоба кураторы). Қалалық білім бөлімінен Турсынова А. У. , Орынбекова Д.Б., мектеп психологтары, қала мектебінің оқушылары қатысты.
Ө.А.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицей директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Г.С.Нуржигитова пандемия кезіндегі онлайн оқыту бойынша құнды пікірімен бөлісті. 11-сынып оқушысы Жолдас Толғанай оқушылар атынан ұстаздарына, ата-анасына көрсеткен қолдаулары мен көмегі үшін рахмет айтты. Кездесу өте қызықты әрі мазмұнды өтіп, қатысқан адамдарға берері мол болды.