05
сәуір
2019
"Құқық бұзушылықтың алдын алу" мақсатында кездесу өтті
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.А.Жолдасбеков атындағы № 9 лицейде "Қауіпсіз интернет" республикалық ақпараттық кампаниясының аясында кәмелетке толмағандардың арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Әл-Фараби ауданының әкімшілігінің ұйымдастыруымен жоғары сынып оқушылармен кездесу өтті. Кездесуге Әл-Фараби ауданының әкімі Ғ.П.Мәуленқұлов, Әл-Фараби ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы М.О.Омаров,теолог А.Ә.Тұрапбай, лицей инспекторы С.М.Арипов қатысты.