ӘСКЕРГЕ БАРУ - ӘРБІР ЕР АЗАМАТТЫҢ БОРЫШЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ӘСКЕРГЕ БАРУ - ӘРБІР ЕР АЗАМАТТЫҢ БОРЫШЫ
06
наурыз
2026

ӘСКЕРГЕ БАРУ - ӘРБІР ЕР АЗАМАТТЫҢ БОРЫШЫ

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің жылдық жоспарына сәйкес 9–11 сынып оқушыларының патриоттық тәрбиесін қалыптастыру, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту мақсатында "Әскерге бару – әрбір ер азаматтың борышы" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға лицейіміздің  2025 жылғы түлегі, қазіргі таңда Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институтының студенті Утемисов Қасымжомарт Рулатұлы арнайы қатысып, 10 «Ғ» сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қасымжомарт Рулатұлы әскери оқу орнына түсу жолдары, әскери өмірдің ерекшеліктері, әскери қызметтің маңызы туралы айтып, оқушыларға өз тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, Отан алдындағы борышты өтеу – әрбір ер азаматтың азаматтық міндеті екендігін атап өтіп, жастарды елін қорғауға дайын болуға шақырды.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, әскери мамандық туралы құнды ақпарат алды. Іс-шара оқушылардың патриоттық сезімін арттырып, әскери мамандыққа деген қызығушылықтарын оятуға ықпал етті.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив