1-НАУРЫЗ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ ОРАЙ “АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ САҒАН…” ТАҚЫРЫБЫНДА БЕЙНЕРОЛИК » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 1-НАУРЫЗ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ ОРАЙ “АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ САҒАН…” ТАҚЫРЫБЫНДА БЕЙНЕРОЛИК
28
ақпан
2026

1-НАУРЫЗ АЛҒЫС АЙТУ КҮНІНЕ ОРАЙ “АЛҒЫСЫМ ШЕКСІЗ САҒАН…” ТАҚЫРЫБЫНДА БЕЙНЕРОЛИК

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 28.02.2026 жылы “Адал азамат-біртұтас тәрбие “бағдарламасы аясында  Үйірме жетекшілері Мошкалова Лаззат Демесбековна және Абенова Жазира Абдимомынқызының бастамасымен «
1 наурыз – Алғыс айту күніне»  лицеймізде оқушылардың бойына ізгілік, мейірім, сыйластық пен ризашылық сезімдерін қалыптастыру мақсатында тәрбиелік іс-шара өткізілді. Бұл мереке Казахстан халқының бірлігі мен татулығын дәріптейтін маңызды күн болып табылады.
Іс-шара барысында оқушылар « Алғысым шексіз саған ......» тақырыбында ой бөлісіп, алғыс айтудың мәні мен маңызын түсінді. Оқушылар ата-анаға, ұстазға, достарына және қоғамға деген ризашылықтарын жүрекжарды сөздер арқылы жеткізді.
Сонымен қатар «Жылы сөз – жанға қуат» атты психологиялық жаттығулар, алғыс хат жазу, шағын көріністер мен өлең жолдары ұсынылды. Белсенді қатысқан оқушылар өз ойларын еркін білдіріп, бір-біріне жылы лебіз айтуға дағдыланды.
Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушыларды адамгершілікке, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетуге тәрбиелеу, қоғамдағы татулық пен өзара түсіністікті нығайту болды. Іс-шара соңында оқушылар алғыс айту – адамды жақындататын, жүректі тазартатын асыл қасиет екенін түсінді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив