28
ақпан
2026
“БІЛІМ АЛУШЫЛАРДЫҢ МІНЕЗ-ҚҰЛҚЫНДАҒЫ ТӘУЕКЕЛДЕРДІҢ АЛДЫН-АЛУ” ТАҚЫРЫБЫНДА СЕМИНАР-ПРАКТИКУМ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі базасында "Психологиялық қолдау орталығының" ұйымдастыруымен білім алушылар арасында кездесетін тәуекелді мінез-құлық түрлерінің алдын алу, олардың психологиялық саулығын нығайту және қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру мақсатында жас педагог-психолог мамандарымен «Білім алушылардың мінез-құлқындағы тәуекелдердің алдын алу» тақырыбында семинар-практикум өткізілді.
Білім алушылар арасындағы тәуекелді мінез-құлықтың алдын алу жолдарын түсіндіру және жас мамандардың кәсіби құзыреттілігін арттыру.
Қатысушылар шығармашылық тапсырмалар арқылы:
Арт-терапия әдісі арқылы мамандар эмоционалдық күйді реттеу, өзін-өзі тану және білім алушылармен сенімді қарым-қатынас орнатудың тиімді жолдарын тәжірибеде көрді.






