27
ақпан
2026
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРЫНЫҢ АПТАЛЫҒЫ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде бастауыш сыныптарының пән апталығы өткізілуде.
4 “Д” сыныбы және сынып жетекшісі Е.В.Рыбникова дүниетану пәнінен “ Глобус және карта” тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақта оқушылар глобус пен картаның айырмашылығын, олардың қызметін, жер шарының бейнелену ерекшеліктерін меңгерді.
2 “В” сыныбы және сынып жетекшісі А.М.Бисенова жаратылыстану пәнінен «Силы, приводящие предметы в движение» тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында қозғалыс тудыратын күштер, олардың түрлері және күнделікті өмірдегі маңызы түсіндірілді.
3 “А” сыныбы және сынып жетекшісі К.Е.Байгонова орыс тілі пәнінен "Глагол как часть речи" тақырыбында ашық сабақ өтті. Оқушылар етістіктің мағынасы, сұрақтары, сөйлемдегі қызметі туралы білімдерін толықтырды.
1 “Ә” сыныбы және сынып жетекшісі М.Б.Белкешева ана тілі пәнінен “Мәтін ” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақта мәтіннің құрылымы, тақырыбы, негізгі ойы және сөйлемдер байланысы қарастырылды.





