27
ақпан
2026
ПІКІР АЛМАСУ
Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2024 жылғы №602 Жарлығына сәйкес мемлекеттік қызметті дамыту тұжырымдамасы аясында 11 «А» сынып оқушыларымен «Мемлекеттік қызметтегі мансап және мемлекеттік басқару мәселелері» тақырыбында, сондай-ақ кәмелетке толмағандар арасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бағытында мүдделі мемлекеттік орган маманымен бірлескен құқықтық-түсіндіру жұмыстары шеңберінде пікір алмасу алаңы өткізілді.
Іс-шара тәрбиелік және кәсіби бағдар беру мақсатында ұйымдастырылды.
Кездесуге Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ ҚҚБ ЮПБ полиция капитаны Ж.Қ.Шахалақ қатысып, мемлекеттік қызметке қабылдау тәртібі, мансаптық өсу мүмкіндіктері және қызметшілерге қойылатын талаптар туралы түсіндірді. Сонымен қатар құқықтық мәдениет пен жауапкершілік мәселелеріне тоқталды.
Іс-шараны ДТЖЖО А.Т.Асилова және кәсіби бағдар беру педагогі А. Шайзулла ұйымдастырды.




