26
ақпан
2026
БАСТАУЫШ СЫНЫПТАРЫНЫҢ АПТАЛЫҒЫ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде бастауыш сыныптарының пән апталығы өткізілуде.
3 “Ғ” сыныбы және сынып жетекшісі А.А.Сарсенова математика пәнінен "Разрядтан бір рет аттап өту арқылы жазбаша көбейту және бөлу алгоритмі ” тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақ барысында оқушылардың есептеу дағдыларын дамытуға, логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіруге бағытталған түрлі тапсырмалар орындалды.
4 ”Б” сыныбы және сынып жетекшісі Д.Б.Турмухамедова математика пәнінен “Бөлшектер. Аралас сандар“тақырыбында ашық сабақ өткізіп, оқушылардың бөлшек сандар туралы түсінігін қалыптастыруға және практикалық тапсырмалар арқылы білімін бекітуге көңіл бөлді.
1 ”А” сыныбы және сынып жетекшісі М.С.Мусабаева ана тілі пәнінен Lesson Study аясында “Бірге еңбек етеміз “ тақырыбында ашық сабақ өткізілді. Сабақ барысында оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, тілдік қарым-қатынасын дамыту және өзара сыйластыққа тәрбиелеу мақсат етілді.
Өткізілген ашық сабақтар әріптестер тарапынан жоғары бағаланып, тәжірибе алмасуға мүмкіндік берді.





