“STOPSTALKING – ЖЕКЕ ШЕКАРАҒА” АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАНЫ АЯСЫНДА » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “STOPSTALKING – ЖЕКЕ ШЕКАРАҒА” АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАНЫ АЯСЫНДА
18
ақпан
2026

“STOPSTALKING – ЖЕКЕ ШЕКАРАҒА” АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАНЫ АЯСЫНДА

Тақырыбы: «Менің шекарам – менің құқығым»
2026 жылдың 18 ақпанында Шымкент  қаласы  білім  басқармасына  қарасты  №9 ІТ  лицейімізде жоғары сынып оқушыларының құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында маңызды ақпараттық іс-шара өткізілді. Науқан аясында 9–10–11 сынып білім алушыларымен зорлық-зомбылық, мәжбүрлеу, психологиялық қысым және сталкинг (қудалау) жағдайлары жан-жақты талқыланды.
Іс-шараға лицейдің директордың тәрбие жұмысы  жөніндегі орынбасарлары А. Т. Асилова, сондай-ақ инспектор Ж. Шақалақ қатысып, оқушыларға құқықтық және психологиялық тұрғыдан түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар мектеп психологтері мен педагогтері белсенді атсалысып, жасөспірімдердің жеке шекара ұғымын дұрыс түсінуіне бағыт-бағдар берді.
Кездесу барысында «жеке шекара» түсінігінің мәні, оны бұзудың түрлері, әлеуметтік желідегі қудалау, қорқыту, бақылау, рұқсатсыз жазу немесе аңду әрекеттерінің заң алдындағы жауапкершілігі нақты мысалдармен түсіндірілді. Инспектор тарапынан құқық бұзушылықтың салдары, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік мәселелері кеңінен баяндалды.
Психологтер оқушыларға қысымға ұшыраған жағдайда әрекет ету жолдарын, көмек сұраудың маңыздылығын, сенім телефондары мен қолдау тетіктерін түсіндірді. Ашық диалог форматында өткен кездесу барысында білім алушылар өз пікірлерін білдіріп, өмірлік жағдайларға байланысты сұрақтарына нақты жауап алды.
Іс-шараның басты құндылығы – жасөспірімдердің өзін-өзі қорғау дағдыларын қалыптастыру, жеке кеңістікке құрмет мәдениетін орнықтыру және зорлық-зомбылықтың кез келген түріне «нөлдік төзімділік» қағидатын насихаттау.
Лицей ұжымы қауіпсіз, қолайлы және құрметке негізделген білім беру ортасын құру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады. Әр оқушының құқығы мен қауіпсіздігі – біздің басты назарымызда.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив