ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ МАҚСАТЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КЕЗДЕСУ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ МАҚСАТЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КЕЗДЕСУ
18
ақпан
2026

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ МАҚСАТЫНДА ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КЕЗДЕСУ

«Адал азамат»  біртұтас тәрбие жоспарына сай Шымкент  қаласы білім  басқармасына  қарасты  №9 ІТ лицейімізде жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың, зиянды әдеттердің және қауіпті мінез-құлықтың алдын алу мақсатында маңызды профилактикалық кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараға лицейдің директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары Н. Р. Дусметова мен А. Т. Асилова, директордың оқу жұмысы жөнінде орынбасары бастауыш сыныптар бойынша И.О.Майлыбай сондай-ақ лицей инспектор Ж. Шақалақ қатысып, білім алушылармен мазмұнды әрі ашық форматта түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдердің түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүруіне қатысты заң талаптары кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар түнгі клубтарда және басқа да ойын-сауық орындарында орын алуы мүмкін қауіп-қатерлер, әсіресе есірткі және күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымының алдын алу мәселелері нақты мысалдармен баяндалды.
Инспектор тарапынан құқықтық жауапкершілік, әкімшілік шаралар және ата-ананың жауапкершілігі жөнінде толық ақпарат берілді. Жасөспірімдерге өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау, заң талаптарын сақтау, күмәнді орта мен зиянды әрекеттерден аулақ болу қажеттігі ерекше атап өтілді.
Іс-шараның басты құндылығы – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, саналы тәртіп қалыптастыру және қауіпсіз орта құруға бағытталуы. Ашық диалог форматында өткен кездесу барысында білім алушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, нақты жауаптар алды.
Лицей ұжымы жас ұрпақтың қауіпсіздігі мен жарқын болашағы – ортақ жауапкершілік екенін басшылыққа ала отырып, құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады. 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив