ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ДЕРЕКТІ ФИЛЬМ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ДЕРЕКТІ ФИЛЬМ
12
ақпан
2026

ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУҒА БАҒЫТТАЛҒАН ДЕРЕКТІ ФИЛЬМ

Шымкент  қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, заңға құрметпен қарау мәдениетін қалыптастыру және жауапты азамат тәрбиелеу мақсатында ауқымды профилактикалық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
📌 Іс-шара аясында Бас прокуратураның үйлестіруімен, кәсіби операторлар, жүргізушілер мен сценарий авторларының қатысуымен түсірілген «Закладчики. Мать» атты деректі фильмнің екі бөлімі («Жасөспірім және Заң», «Отбасы», «Әр бала назарда» бағыттары бойынша) 8–11 сынып оқушыларына көрсетілді.
Фильмдерде жасөспірімдердің заңсыз әрекеттерге араласуының салдары, ата-ананың рөлі, қоғам алдындағы жауапкершілік, қылмыстың адам тағдырына тигізер ауыр зардаптары нақты өмірлік мысалдар арқылы кеңінен ашылып көрсетілді. Оқушылар фильмді зор қызығушылықпен тамашалап, көріністерге талдау жасап, өз ой-пікірлерін ортаға салды.
✨ Шараның тәрбиелік маңызы зор болды:
— заң талаптарын сақтаудың маңызын ұғындыру;
— қылмыстың алдын алу жолдарын түсіндіру;
— отбасындағы тәрбиенің рөлін ашу;
— әр баланың назардан тыс қалмауы керектігін насихаттау;
— саналы, жауапты тұлға қалыптастыру.
Лицей әкімшілігі алдағы уақытта да құқық қорғау органдарымен бірлескен осындай мазмұнды профилактикалық іс-шараларды жүйелі түрде жалғастырып, оқушылардың қауіпсіз әрі заңға құрметпен қарайтын ортада білім алуына бар күшін салатынын атап өтті.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив