ETANDAU.GOV.KZ ПЛАТФОРМАСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУЛЫҚТАРДЫ ТАҢДАУ БОЙЫНША ОНЛАЙН ЖИНАЛЫС » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ETANDAU.GOV.KZ ПЛАТФОРМАСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУЛЫҚТАРДЫ ТАҢДАУ БОЙЫНША ОНЛАЙН ЖИНАЛЫС
11
ақпан
2026

ETANDAU.GOV.KZ ПЛАТФОРМАСЫ АРҚЫЛЫ ОҚУЛЫҚТАРДЫ ТАҢДАУ БОЙЫНША ОНЛАЙН ЖИНАЛЫС

Білім беру ұйымдарында оқулықтарды сапалы әрі тиімді іріктеу мақсатында ETANDAU.GOV.KZ электрондық платформасы арқылы ағымдағы оқу жылына арналған 4-сынып оқулықтарын таңдау үдерісі ұйымдастырылды.
Аталған платформа арқылы төмендегі пәндер бойынша оқулықтарға таңдау жүргізілді:
📖 «Қазақ тілі» (оқыту қазақ және орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)
📖 «Русский язык» (оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)
📖 «Математика» (оқыту қазақ және орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)
📖 «Дүниетану / Познание мира»
📖 «Әдебиеттік оқу / Литературное чтение»
📅 11 ақпан күні Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө. Жолдасбеков  атындағы №9 ІТ лицейінде ZOOM платформасы арқылы онлайн форматта жиналыс өткізіліп, оған лицей директоры Г.С.Абилдаева, 4-сынып мұғалімдері мен кітапханашылар бір нүктеден, басшы кабинетінде отырып қатысты.
Жиын барысында: ✔️etandau.gov.kz электрондық платформасында жұмыс жүргізудің алгоритмі жан-жақты түсіндірілді;
✔️ оқулықтарды таңдау кезеңдерінің реттілігі көрсетілді;
✔️ жүйеге кіру, пәнді белгілеу, баспа нұсқаларын салыстыру және бекіту қадамдары нақтыланды;
✔️ туындауы мүмкін техникалық немесе әдістемелік сұрақтарға жауаптар берілді.
Сонымен қатар, Е-таңдау платформасымен жұмыс тәжірибесі бар әріптестердің кеңестері тыңдалып, қатысушыларға өзара тәжірибе алмасу мүмкіндігі ұсынылды. Бұл оқулықтарды таңдаудағы жауапкершілікті арттырып, үдерістің ашық әрі жүйелі өтуіне оң ықпал етті.
📌 Онлайн жиналыс қорытындысы бойынша барлық қатысушыларға тиісті тапсырмалар жүктеліп, оқулықтарды таңдау жұмыстары белгіленген талаптарға сәйкес жүргізілуде.
🔍 Аталған іс-шара білім беру сапасын арттыруға, оқушылардың жас ерекшелігі мен оқу бағдарламасына сай оқулықтарды тиімді іріктеуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив