10
ақпан
2026
“ШЫН ЖҮРЕКТЕН КІТАП СЫЙЛА” ЧЕЛЛЕНДЖІНЕ ЛИЦЕЙ ӘКІМШІЛІГІ ӨЗ ҮЛЕСТЕРІН ҚОСУДА
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында «Шын жүректен кітап сыйла» челленджіне орай игі іс ұйымдастырылды.
Аталған челленджге лицей әкімшілігі де белсене атсалысып, өз үлестерін қосты, кітап сыйлау арқылы игі бастаманы қолдады. Сондай-ақ, лицей директоры Абилдаева Гульназ Сайлауовна да челленджге қолдау білдіріп, кітап сыйлап, оқушыларға өнеге көрсетті.
Бұл челлендж лицей ұжымының бірлігі мен кітапқа деген ортақ сүйіспеншілігін айқын көрсетті. Қатысушылардың белсенділігі мен қолдауы арқасында игі бастама мазмұнды әрі тағылымды өтті. Кітап сыйлау арқылы білім мен рухани құндылықтарды дәріптеуге бағытталған бұл челлендж алдағы уақытта да өз жалғасын табады деп күтілуде.


