“БІЗ РӘМІЗДЕРДІ МАҚТАН ТҰТАМЫЗ!” ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “БІЗ РӘМІЗДЕРДІ МАҚТАН ТҰТАМЫЗ!” ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
09
ақпан
2026

“БІЗ РӘМІЗДЕРДІ МАҚТАН ТҰТАМЫЗ!” ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 6 ақпан күні «Біз рәміздерімізді мақтан тұтамыз!» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шара 
8 «Е» сыныбының қатысуымен өтті. Ұйымдастырып өткізген – сынып жетекшісі А.А.Абдиматова.
Іс-шараның мақсаты – оқушыларға Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің (Ту, Елтаңба, Әнұран) маңызын терең түсіндіру, отансүйгіштікке, елжандылыққа тәрбиелеу, мемлекеттік нышандарды құрметтеуге баулу, тарихи сананы қалыптастыру.
Дөңгелек үстел барысында әр оқушы мемлекеттік рәміздердің әрқайсысына жеке-жеке тоқталып, олардың мазмұнын жан-жақты ашты. Оқушылар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы, Елтаңбасы және Әнұранының тарихымен, авторларымен танысты. Сонымен қатар, рәміздердегі әрбір элементтің мағынасы (түстердің мәні, бейнелер мен белгілердің символдық сипаты) түсіндірілді.
Оқушылар өз баяндамаларында Тудағы көк түстің бейбітшілік пен бірлікті білдіретінін, қыран құстың еркіндік пен биік мақсаттың белгісі екенін атап өтті. Елтаңбадағы шаңырақтың ортақ үй, бірлік пен татулықты білдіретіні, уықтардың елді біріктіретін күш екені түсіндірілді. Әнұранның шығу тарихы, мәтінінің мазмұны мен рухани мәні туралы да кеңінен мәлімет берілді.
Іс-шара барысында пікір алмасу ұйымдастырылып, оқушылар белсенділік танытты. Дөңгелек үстел оқушылардың мемлекеттік рәміздерге деген құрметін арттырып, патриоттық сезімін нығайтты. Қойылған мақсат толықтай орындалды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив