ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ- ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ- ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ
06
ақпан
2026

ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ- ҚАУІПСІЗ ҚОҒАМНЫҢ НЕГІЗІ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы№9 ІТ лицейімізде  жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру және қауіпсіз орта қалыптастыру мақсатында маңызды кездесу өтті. Іс-шараға Әл-Фараби АПБ криминалдық бөлімінің полиция аға жедел уәкілі және полиция аға лейтенанты Оңғар Берік Арманұлы арнайы шақырылып, оқушылармен және ұстаздармен ашық форматта сұхбат жүргізді.
Кездесу барысында буллинг пен бопсалаудың алдын алу, өзге де қысым көрсету фактілеріне жол бермеу, жыныстық сипаттағы қылмыстардың қауіпті салдары, есірткі заттарын пайдаланудың адам өміріне тигізер зардабы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың қоғамға тигізетін зияны туралы кең көлемде түсіндірілді. Спикер әрбір құқықбұзушылықтың заң алдындағы жауапкершілігі бар екенін нақты мысалдармен жеткізіп, жасөспірімдерді саналы таңдау жасауға, заңды құрметтеуге және өз қауіпсіздігіне бейжай қарамауға шақырды.
Аға лейтенант оқушыларға күмәнді жағдайларда қалай әрекет ету керектігін, қысым көрсетілген жағдайда кімге жүгіну қажеттігін, құқық қорғау органдарына дер кезінде хабарласудың маңызын атап өтті. Сонымен қатар, интернет кеңістігіндегі қауіп-қатерлер, бейтаныс адамдармен қарым-қатынаста сақ болу, жеке деректерді қорғау мәселелері де қозғалды.
Кездесу интерактивті форматта өтіп, оқушылар өздерін мазалаған сұрақтарын қойып, өмірлік жағдайларға байланысты кеңестер алды. Мұндай ашық диалог жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, жауапкершілік сезімін арттыруға және зорлық-зомбылықсыз, адал әрі қауіпсіз қоғам құруға бағытталған маңызды қадам екені атап өтілді.
Осындай тағылымды кездесулер алдағы уақытта да жалғасын тауып, өскелең ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуына үлес қоса береді деп сенеміз.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив