КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
ақпан
2026

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ

«Қоғам игілігіне қызмет ету – жас ұрпақтың мақсаты»
Шымкент қаласы білім басқармасының жоспарына сәйкес,
ерте кәсіптік бағдар беру және азаматтық жауапкершілікті қалыптастыру мақсатында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты №9 ІТ лицейде  аталған тақырыпта мазмұнды іс-шара өткізілді.
Іс-шараға 10 «А», 10 «Ә», 10 «Б», 10 «Ғ» сыныптарының оқушылары қатысты.
Іс-шараны ұйымдастырушы – А.Т.Асилова,
кәсіби бағдар беруші маман – А.Е.Шайзулла
Оқушылар болашақ мамандық таңдауды қоғамға қызмет етумен ұштастырып,
ситуациялық тапсырмаларды орындады, топтық талқылаулар жүргізді,
логикалық блиц-сұрақтарға жауап беріп, шағын презентациялар қорғады.
Іс-шара барысында:
✅ кәсіби бағдар беру бағытындағы тапсырмалар;
✅ азаматтық ұстанымды қалыптастыратын сұрақтар;
✅ әлеуметтік жобаларға арналған ұсыныстар қамтылды.
Мұндай жұмыстар жастардың елге қызмет етуге деген ынтасын арттырып,
саналы мамандық таңдауына бағыт береді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив