05
ақпан
2026
ӨМІРБЕК ЖОЛДАСБЕКОВ АТЫНДАҒЫ №9 IT ЛИЦЕЙІНЕ 90 ЖЫЛ ТҮЛЕКТЕР РУБРИКАСЫ
Лицей түлегі бүгін қонақ болып, оқушылармен мазмұнды кездесу өткізді.
Оңғар Берік Арманұлы қазіргі уақытта Шымкент қалалық Полиция департаментінің Әл-Фараби АПБ криминалдық бөлімінің полиция аға жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты болып қызмет атқарады.
Кездесу барысында түлек өз өмір жолы, лицей қабырғасында алған білімі мен тәрбиесінің кәсіби қызметіндегі маңызы туралы ой бөлісті. Құқық қорғау саласындағы қызметтің жауапкершілігі, тәртіп пен адалдықтың қоғамдағы рөлі жөнінде айтып, жас ұрпақты заңға құрметпен қарауға, мақсат қоя білуге және оған табандылықпен жетуге шақырды.
Сондай-ақ оқушылардың болашақ мамандық таңдауына байланысты қойған сұрақтарына жауап беріп, жеке тәжірибесімен бөлісті. Кездесу оқушыларға үлкен мотивация беріп, отансүйгіштік пен жауапкершілік сезімін арттыра түсті.
Лицейге арнайы келіп, өнегелі ойымен бөліскен түлегімізге алғыс білдіре отырып, қызмет жолында толағай табыстар тілейміз


