02
ақпан
2026
“ БҰЛ КІМНІҢ КӨЗІ” ТАҚЫРЫБЫНДА ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ТРЕНИНГ САБАҚ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 02.02.2026 жылы “Адал азамат-біртұтас тәрбие “бағдарламасы аясында үйірме жетекшілері Мошкалова Лаззат Демесбековна және Абенова Жазира Абдимомынқызының бастамасымен Оқушыларға іс-шараның мақсатын түсіндіріп, «Бұл кімнің көзі?» тақырыбын ашты.
Оқушылардың эмоционалды дамуын, шығармашылық қабілеттерін, өзін-өзі тануын арттыру арқылы психологиялық саулығын қолдау туралы қысқаша мәлімет берілді
Оқушыларға беретін пайдасы (не береді, неге үйретеді):
• Эмоциялық даму: өз сезімін тануға және басқаруға үйретеді.
• Шығармашылық қабілет: қиял мен ойлау шекарасын кеңейтеді.
• Өзін-өзі таныту: өз бейнесін, ойын, көңіл-күйін еркін көрсету мүмкіндігі.
• Әлеуметтік дағдылар: топта бірге жұмыс істеу, пікір алмасу, бір-бірін тыңдау.
• Психологиялық қолдау: стрестен арылу, сенімділік пен өзін-өзі бағалауды көтеру.
Арт-терапия сабағы «Бұл кімнің көзі?» оқушылардың психологиялық, эмоционалды және шығармашылық дамуына бағытталған маңызды іс-шара болып табылады.
Мұндай іс-шара оқушылардың жан-жақты дамуына, шығармашылық қабілетін шыңдауға, эмоционалды тұрақтылыққа және топтық қарым-қатынасты жақсартуға ықпал етеді.





