30
қаңтар
2026
“АР МЕН НАМЫСТЫ ӨМІР СҮР “ АДАЛДЫҚТЫ ТУ ЕТКЕН ТАҒЫЛЫМДЫ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө. Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицей қабырғасында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында және «Адал Ұрпақ» ұйымының жұмысы негізінде «Ар мен намыспен өмір сүр» тақырыбында кең ауқымды, мазмұнды дөңгелек үстел ұйымдастырылды.Негізгі мақсатымыз жас ұрпақтың бойына адалдық, әділдік, жауапкершілік, азаматтық белсенділік және заңға құрмет сияқты басты құндылықтарды сіңіру екенін атап өтті.
Дөңгелек үстел барысында сыбайлас жемқорлықтың қоғам дамуына тигізетін кері әсері, оның жеке тұлға болмысына, мемлекет тұрақтылығына және әлеуметтік әділеттілікке тигізетін залалы кеңінен талқыланды. Ұйымдастырушылар адал еңбектің қадірі, ар-ожданды биік ұстаудың маңызы, намыс пен жауапкершілік ұғымдарының адам өміріндегі орны туралы мазмұнды түсіндірме берді.
Сонымен қатар оқушыларға нақты өмірлік жағдайлар ұсынылып, оларды талдау арқылы дұрыс шешім қабылдау, заң талаптарын сақтау, кез келген жағдайда парасаттылық таныту дағдылары қалыптастырылды. «Адал Ұрпақ» ұйымының мүшелері өз пікірлерін ортаға салып, қоғамдағы адал азаматтың бейнесін сипаттап, болашақта сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте жастардың белсенді рөл атқаруы керектігін ерекше атап өтті.
Кездесу еркін пікір алмасу форматында өтіп, әрбір қатысушы өз ойын ашық жеткізіп, толғандырған сұрақтарына жауап алды. Мұндай диалог алаңы оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып қана қоймай, олардың азаматтық позициясын нығайтуға, әділдікке деген сенімін күшейтуге бағытталды.
Іс-шара қорытындысында қатысушылар адалдық пен заңдылық қағидаттарын күнделікті өмірде ұстануға, кез келген әрекетке жауапкершілікпен қарауға және қоғам игілігі үшін қызмет етуге дайын екендіктерін білдірді.
Осындай мазмұнды тәрбиелік бағыттағы дөңгелек үстелдер лицейде жүйелі түрде өткізіліп, жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарды, адамгершілік қасиеттерді және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталып келеді.


