LESSON STUDY ЗЕРТТЕУ САБАҒЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
қаңтар
2026

LESSON STUDY ЗЕРТТЕУ САБАҒЫ

27.01.2026 ж 1А сыныбында сынып жетекшісі Мусабаева М.С. Lesson Study зерттеу сабағының кезекті кезеңі жоспарға сәйкес өткізілді. Сабақтың негізгі мақсаты – оқушылардың оқу үдерісіндегі белсенділігін арттыру, тапсырмаларды орындау барысында ойлау дағдыларының дамуын бақылау және тиімді әдіс-тәсілдерді анықтау болды.
Сабақ барысында зерттеу нысанындағы оқушылардың тапсырмаларды орындау ерекшеліктері, өзара әрекеттесуі және оқу мақсатына жету деңгейі бақылауға алынды. Оқушылардың көпшілігі тапсырмаларды қызығушылықпен орындап, топтық және жұптық жұмыс кезінде белсенділік танытты.
Сабақтан кейін Lesson Study тобы мүшелері талдау жүргізіп, оқушылардың жетістіктері мен қиындықтарын анықтады. Алынған нәтижелер келесі сабақтарды жоспарлауда ескеріліп, оқыту сапасын арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар берілді.
Lesson Study үдерісі мұғалімдердің кәсіби дамуына, бірлескен тәжірибе алмасуына және оқушылардың оқу жетістіктерін жақсартуға оң ықпал ететіні байқалды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив