КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
23
қаңтар
2026

КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ

Ө.Жолдасбеков  атындағы №9 IT лицейінде оқушыларға кәсіби бағдар беру мақсатында маңызды кездесу өтті. Кездесуге  ҚР ІІМ М.Есболатов атындағы Алматы академиясының жедел-іздестіру қызметі кафедрасының оқытушысы, полиция капитаны М.Пейілқызы, Құқық қорғау қызметін басқару кафедрасының оқытушысы, полиция аға лейтенанты Г.А. Қадірберлина , лицей инспекторы полиция капитаны Ж.Қ.Шахалақ қатысты.
    Лицей оқушыларына МВД  (ішкі істер органдары жүйесіндегі оқу орындары) туралы, полиция қызметінің ерекшеліктері, болашақ мамандықты саналы түрде таңдау және қызметке қабылдану талаптары жөнінде кеңінен түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, оқушыларға оқу орнын дұрыс таңдаудың маңыздылығы, құқық қорғау саласындағы қызметтің жауапкершілігі мен абыройы туралы тағылымды әңгімелер айтылып, академияның бағыт-бағдары таныстырылды. Оқушыларға ақпараттық парақшалар таратты.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив