ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ
22
қаңтар
2026

ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ

Шымкент  қаласы  білім  басқармасына  қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9  ІТ лицейінде  2026 жылғы 21 қаңтар күні жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында  рейдтік іс-шара өткізілді.
Рейд лицей жанындағы ойын-сауық орталықтары мен сауда дүкендерінде ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты –
🔹 түнгі мезгілде кәмелетке толмаған жасөспірімдердің заңды өкілінсіз көшеде жүру деректерін анықтау және жол бермеу;
🔹 ойын-сауық орындарында кәмелетке толмағандардың болуын бақылау;
🔹 жасөспірімдерге спирттік ішімдіктер мен темекі өнімдерін заңсыз сату фактілерінің алдын алу;
🔹 құқықтық тәртіп пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыру.
Аталған рейдке лицей инспекторы Ж.Қ.Шахалақ,
лицейдің  тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарлары Н.Р. Дусметова,А.Т. Асилова,
аға тәлімгер Э.Ж.Султанбаева, педагог-ұйымдастырушы М.Б.Үсен  келісім бойынша қатысты.
   Рейд барысында жасөспірімдермен, сауда нысандарының иелерімен және тұрғындармен түсіндіру-профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, заң талаптары, балалардың қауіпсіздігі мен түнгі уақытта жүрудің салдары кеңінен түсіндірілді.
🔰 Мұндай рейдтік іс-шаралар балалардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, құқықбұзушылықтың алдын алуға және жас ұрпақтың заңға құрметпен қарауын қалыптастыруға бағытталған маңызды профилактикалық жұмыс болып табылады.
🤝 Қоғамдық тәртіпті сақтау – мектеп, ата-ана және құқық қорғау органдарының ортақ жауапкершілігі.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив