“КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ” ЖОБАСЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ” ЖОБАСЫ
21
қаңтар
2026

“КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ” ЖОБАСЫ

Ө.А. Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында, «Кітап оқитын ұлт» жобасы бойынша 8-сынып оқушылары өздері оқыған көркем шығармалар бойынша пікір алмасып, танымдық-талқылау  өткізді.
Талқылау барысында қазақ әдебиетінің көрнекті туындылары – Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне», Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз», Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясындағы «Алмас қылыш» романы және Тахауи Ахтановтың «Қаһарлы күндер» шығармалары кеңінен талқыланды.
Аталған шығармаларда адам тағдыры, ел тарихы, соғыс қасіреті, адамгершілік пен отансүйгіштік мәселелері тереңінен көрініс табады. Оқушылар кейіпкерлер тағдырына қатысты өз көзқарастарын білдіріп, авторлардың негізгі идеясын түсінуге талпынды.
Бұл талқылау оқушылардың рухани дүниесін байытып қана қоймай, олардың сыни ойлау қабілетін дамытуға, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив