21
қаңтар
2026
“ БЕРЕЛ ҚОРҒАНДАРЫ “ АШЫҚ САБАҚ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде тарих және география кафедрасының әдістемелік апталығы аясында тарих пәні мұғалімі Г.Ш.Куренбаева “Берел қорғандары”тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сабақ барысында оқушылар Берел қорғандарының тарихы, археологиялық маңызы және ұлттық мәдени мұрадағы орны туралы жан-жақты мәлімет алды.
Оқушылардың қызығушылығын арттыру мақсатында түрлі көрнекіліктер мен ЖИ әдістері қолданылып, сабақ жоғары деңгейде өтті. Ашық сабақ оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, тарихи білімдерін тереңдетуге үлкен үлес қосты.









