19
қаңтар
2026
ТӘРБИЕ САҒАТЫ



Апта дәйексөзі: «Тәртіп – тәрбие бастауы»
Қаңтар айының 3-аптасында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, тәртіп пен жауапкершілікті қалыптастыру, зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейдің 1–11 сыныптарда тәрбиелік және қауіпсіздік бағытындағы сынып сағаттары өткізілді.
«Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында тәрбие сағаттары ұйымдастырылып, балаларға мейірімділік, өзара сыйластық, достық қарым-қатынас және қауіпсіз орта құндылықтары түсіндірілді.
Қауіпсіздік сабағында (10 минут) «Бір-бірімен үйлеспейтін өнімдер. Тамақ пен эксперименттер» тақырыбы арқылы тұрмыстық қауіпсіздік ережелері қарастырылды.
«ДОСБОЛLIKE» жобасы аясында
«Қорқыныш сезімі – дос па әлде жау ма? (Буллингтен қорған!)» тақырыбында әңгімелер жүргізіліп, оқушыларға буллингтің алдын алу, өз ойын ашық жеткізу және көмек сұрау жолдары түсіндірілді.
Қауіпсіздік сабағында (10 минут) «Көшедегі қауіпті нысандардан қалай аулақ болуға болады? (электрощит)», сондай-ақ «Реттеушінің белгілері» (ЖЖЕ №5) бойынша жол қозғалысы және электр қауіпсіздігі ережелері пысықталды.
«Кибербуллингке қарсы мәдениет қалыптастыру» тақырыбында сынып сағаттары өткізіліп, интернеттегі әдеп, жауапкершілік және жеке қауіпсіздік мәселелері талқыланды.
Қауіпсіздік сабағында (10 минут) «Күмәнді манипуляцияларға ұшырамаудың жолдары» тақырыбы қозғалып, оқушыларға ақпараттық сауаттылық пен сын тұрғысынан ойлау дағдылары қалыптастырылды.
Өткізілген сынып тәрбие сағаттары оқушылардың:
тәртіпке бағыну
бағытталған маңызды тәрбиелік мәнге ие болды.
Тәртіп – тәрбиенің бастауы,
қауіпсіздік – болашақ кепілі.






