16
қаңтар
2026
“ ҰЛТТЫҚ МҰРА” ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ЭТНО-МӘДЕНИ БАҒЫТТАҒЫ КЕЗДЕСУ
«Ұлттық мұра» партиялық жобасы аясында Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде этно-мәдени бағыттағы кездесу өтті. Іс-шараға Шымкент қалалық мәслихатының депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Позилов Бақытжан Жолдасбекұлы қатысты.
Кездесу барысында ұлттық құндылықтарды сақтау, мәдени мұраны дәріптеу және жастар арасында этносаралық келісімді нығайту мәселелері талқыланды. Оқушылар мен ұстаздар өзара пікір алмасып, жобаны одан әрі тиімді жүзеге асыруға қатысты ұсыныстарын білдірді.
«AMANAT» партиясының «Ұлттық мұра» жобасы – ел бірлігін нығайтуға, ұлттық дәстүр мен мәдени құндылықтарды дәріптеуге бағытталған маңызды бастамалардың бірі. Партия бұл бағытта білім беру ұйымдарымен, оның ішінде Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейімен жүйелі түрде жұмыс жүргізіп, қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді сақтауға ерекше мән береді.




