16
қаңтар
2026
СПОРТ – ТӘРБИЕ МЕН ТӘРТІПТІҢ ТІРЕГІ
2026 жылғы 16 қаңтарда Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінің акт залында Шымкент қаласы білім басқармасының 13.01.2026 жылғы №10-08-07/323 хатына сәйкес маңызды тәрбиелік кездесу ұйымдастырылды.
Іс-шараның басты мақсаты – мектеп оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, салауатты өмір салтын қалыптастыру және спорт арқылы тәрбиелеудің маңызын түсіндіру болды. Кездесуге 7–11 сынып оқушылары, сынып жетекшілері мен лицей әкімшілігі қатысты.
Өз сөзінде спикер спорттың жасөспірімдер өміріндегі айрықша рөліне тоқталып, жүйелі түрде спортпен айналысу – тек денсаулық кепілі ғана емес, сонымен қатар тәртіпке, жауапкершілікке, табандылық пен төзімділікке тәрбиелейтін маңызды құрал екенін атап өтті.
Спортпен айналысатын оқушылардың уақытты тиімді пайдаланатыны, теріс әдеттерден, құқық бұзушылықтар мен зиянды әрекеттерден алшақ болатыны нақты өмірлік мысалдар арқылы түсіндірілді.
Кездесу барысында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, салауатты өмір салтын ұстану, спорттық үйірмелерге қатысу, бос уақытты тиімді ұйымдастыру бойынша пайдалы әрі нақты кеңестер алды. Ашық форматта өткен бұл жүздесу оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, олардың тұлғалық дамуына оң әсер етті.
– салауатты өмір салтын насихаттайтын спорттық іс-шараларды тұрақты ұйымдастыру,
– оқушыларды спорт секциялары мен үйірмелерге тарту жұмыстарын күшейту қажеттігі атап өтілді.
Осындай тағылымды кездесулер жас ұрпақты дұрыс бағытқа тәрбиелеудің тиімді жолы екені сөзсіз.






