15
қаңтар
2026
ШЕБЕРЛІК САБАҚ “ МУЗЫКА БУДУЩЕГО ”
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейімізде Каплун О.Ю. жетекшілігімен «МУЗЫКА БУДУЩЕГО» тақырыбында мазмұнды әрі тағылымы мол шеберлік сабақ өткізілді.
Шеберлік сабақтың негізгі мақсаты – оқушылардың музыкалық дүниетанымын кеңейту, қазіргі заман мен болашақтағы музыканың даму бағыттарын таныстыру, шығармашылық ойлау қабілетін арттыру және өнер арқылы рухани-адамгершілік құндылықтарды қалыптастыру болды.
Іс-шара барысында музыка саласындағы заманауи технологиялар, жасанды интеллекттің музыкаға ықпалы, электронды музыка, цифрлық аспаптар мен жаңа форматтағы шығармашылық мүмкіндіктер кеңінен сөз болды. Қатысушылар музыканың тек өнер саласы ғана емес, ғылым мен технологиямен тығыз байланыста дамитын маңызды мәдени құбылыс екеніне көз жеткізді.
Шеберлік сабақ оқушылардың шығармашылық белсенділігін, эстетикалық талғамын, ұлттық және әлемдік мәдениетке құрметін арттыруға, сондай-ақ еңбекқорлық, жауапкершілік, өзін-өзі дамыту, жаңашылдыққа ашық болу сияқты құндылықтарды бойына сіңіруге бағытталды.
Сабақ барысында интерактивті тапсырмалар, ой қозғау, пікір алмасу ұйымдастырылып, қатысушылар өз ойларын еркін жеткізе білді. Бұл өз кезегінде оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамытып, өзіне деген сенімділігін нығайтты.
«МУЗЫКА БУДУЩЕГО» тақырыбындағы шеберлік сабақ – өскелең ұрпақты өнер арқылы тәрбиелеуге, заманауи талаптарға бейім, жан-жақты дамыған тұлға қалыптастыруға бағытталған маңызды іс-шаралардың бірі болды.








