10
қаңтар
2026
AITUCAP HACKATHON
“Астана дарыны”дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығының , САР Education онлайн бағдарламалау мектебі бірлесіп мектеп оқушыларына арналған республикалық хакатонның 1-ші кезеңі басталды.№ 9 IT лицейі оқушылары да ,осы іс-шараға қатысуда.Оқушыларымызға сәттілік тілейміз!
Хакатон Қазақстан Республикасындағы мектеп оқушыларына арналған білім беру, жобалық және коммуникациялық форум болып табылады , ол
бағдарламалауды веб-әзірлеуді және стартаптарды қоса алғанда, қазіргі ІТ
мәселелерін шешуте бағытталған.
Хакатонның мақсаты - перспективалық жобалық шешімдерді әзірленген командаларды анықтау және дамыту, сондай-ақ мектеп оқушылары
арасында IT-технологияларды танымал ету.
• І іріктеу (қалалық) кезеңі: 2026 жылдың 10 қаңтарында TrustExam.ai прокторингтік тестілеу платформасы арқылы онлайн форматта
өтіп жатыр.
- Python бағыт бойынша сағ.10:00;
- web-әзірлеу бағыт бойынша сағ.11:00;
- «Стартап-индустрия негіздері» пәні бойынша сағ.12:00.
TrustExam.ai тестілеу сайтына сілтеме AITUCAP Hackathon
(https://capedu.kz/aitucap) ресми хакатон сайтында жене CAP Education
ресми Telegram https://t.me/aitucap2025kz арналарында жарияланады.
• І іріктеу кезеңінің қорытындысы 10 қаңтар сағат 18:00-де САР
Education Instagram парақшасының тікелей эфирінде жэне САР Education
ресми Telegram https://t.me/aitucap2025kz жэне " Астана дарыны " орталығының
ресми Telegram https://t.me/astanadaryny арналарында жарияланады.



