ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛИЦЕЙ ФОРМАСЫН САҚТАУЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ МАҚСАТЫНДА РЕЙДТІК ІС-ШАРА » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛИЦЕЙ ФОРМАСЫН САҚТАУЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ МАҚСАТЫНДА РЕЙДТІК ІС-ШАРА
09
қаңтар
2026

ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛИЦЕЙ ФОРМАСЫН САҚТАУЫН БАҚЫЛАУ ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ МАҚСАТЫНДА РЕЙДТІК ІС-ШАРА




Шымкент  қаласы  білім  басқармасына қарасты  Ө. Жолдасбеков  атындағы  №9 ІТ лицейінде  оқушылардың лицей формасын сақтауын бақылау, сондай-ақ құқықбұзушылықтың алдын-алу мақсатында лицейде  арнайы рейдтік іс-шара ұйымдастырылды.
Рейд жұмысына ДТЖЖО Н.Р. Дусметова, А.Т. Асилова, аға тәлімгер Э.Ж. Султанбаева, педагог-ұйымдастырушы М.Б.Үсен , сондай-ақ лицей әлеуметтік педагогы қатысты. Іс-шара барысында оқушылардың сыртқы келбеті, лицей формасына қойылатын талаптарды сақтау деңгейі және тәртіп ережелерін орындауы назарға алынды.
Аталған рейдтің негізгі мақсаты – оқушылардың бойында жауапкершілік сезімін қалыптастыру, мектеп мәдениетін сақтау, тәртіп пен заңға құрметпен қарау дағдыларын дамыту. Сонымен қатар, түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, оқушыларға мектеп формасының маңыздылығы мен құқықтық тәртіпті сақтаудың қоғам үшін құндылығы кеңінен түсіндірілді.
Рейд қорытындысы бойынша сынып жетекшілеріне тиісті ұсыныстар беріліп, алдағы уақытта тәрбие жұмысын жүйелі түрде жалғастыру қажеттігі атап өтілді.
✨ Осындай алдын алу шаралары арқылы лицейде қауіпсіз, тәртіпті және қолайлы білім беру ортасын қалыптастыру көзделеді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив