ШИ ТОҚУ ӨНЕРІ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
08
қаңтар
2026

ШИ ТОҚУ ӨНЕРІ

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында «Ши тоқумен жұмыс» тақырыбында үйірме сабағы өткізілуде. Үйірме барысында оқушылар ұлттық қолөнердің бір түрі – ши тоқу өнерінің қыр-сырын меңгеріп, өз қолдарымен түрлі бұйымдар жасауды үйренуде.
    Ши тоқу өнері – көшпелі өмір салтымен тығыз байланысты, тұрмыста кеңінен қолданылған көне қолөнер түрі. Ши тек тұрмыстық бұйым ғана емес, ол – эстетикалық талғамды, ұлттық дүниетанымды, табиғатпен үндестікті бейнелейтін өнер.
   Ши тоқу өнерін оқыту арқылы оқушыларды ұлттық мұрамен таныстырып, қол еңбегіне
баулу, шығармашылық қабілетін дамыту көзделеді.
    Аталған үйірмені жетекші Б.Алтынбекова жүргізіп, оқушыларға ұлттық құндылықтарды дәріптеудің маңыздылығын түсіндіріп, еңбекке баулуда. Мұндай сабақтар оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырып, шығармашылық белсенділігін арттыруға үлкен үлес қосуда.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив