ЗАҢ МЕН ТӘРТІП- БАСТЫ НАЗАРДА » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЗАҢ МЕН ТӘРТІП- БАСТЫ НАЗАРДА
06
қаңтар
2026

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП- БАСТЫ НАЗАРДА

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө. Жолдасбеков  атындағы  №9 ІТ лицейінде «Заң мен тәртіп»  аясында кәмелеттік жасқа толмаған жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында жүйелі түрде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Аталған жұмыстардың негізгі бағыты – оқушылардың түнгі уақытта заңды өкілінсіз көшеде жүруінің алдын алу, түнгі клубтарда және басқа да ойын-сауық орындарында болу кезінде туындайтын қауіптердің алдын алу, сондай-ақ есірткі және күшті әсер ететін заттардың заңсыз айналымына қарсы көзқарасын қалыптастыру болды.
Іс-шара барысында жасөспірімдерге Қазақстан Республикасының заңнамаларына сәйкес кәмелетке толмағандардың құқықтары мен міндеттері, ата-аналардың жауапкершілігі, сондай-ақ құқық бұзушылықтың салдары туралы жан-жақты мәлімет берілді. Оқушылармен ашық әңгіме, түсіндіру, пікір алмасу форматында жұмыстар ұйымдастырылып, нақты өмірлік мысалдар арқылы заң талаптарының маңыздылығы түсіндірілді. Бұл бағыттағы жұмыстар оқушылардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға, өз әрекеттеріне жауапкершілікпен қарауына және қоғамдағы тәртіп нормаларын сақтауға ықпал етті.
Түсіндіру жұмыстары барысында түнгі уақытта заңды өкілінсіз жүрудің жасөспірімдер өмірі мен қауіпсіздігіне төндіретін қатері, сондай-ақ ойын-сауық орындарында құқық бұзушылыққа тартылу тәуекелі кеңінен талқыланды. Сонымен қатар есірткі, психотроптық және күшті әсер ететін заттардың адам денсаулығына, болашақ өміріне тигізетін зияны, олардың заңсыз айналымына қатысудың қылмыстық жауапкершілікке әкелетіні нақты әрі түсінікті түрде жеткізілді.
Аталған жұмыстардың мазмұнды әрі жүйелі өтуіне ДТЖЖО Н.Р.Дусметова, сондай-ақ А.Т.Асилова , Ж.Қ.Шахалақ , А.А.Джумабекова ,Н.Т. Абдрашова  белсенді қатысып, оқушылармен профилактикалық бағыттағы түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Олар өз тәжірибелеріне сүйене отырып, заң талаптарын сақтаудың маңызын, тәртіп пен жауапкершіліктің жасөспірім тұлғасының қалыптасуындағы рөлін атап өтті.
Нәтижесінде оқушылардың құқықтық сауаттылығы артып, заңға бағыну, тәртіп сақтау, өз қауіпсіздігіне және айналасындағылардың амандығына жауапкершілікпен қарау құндылықтары нығая түсті. «Заң және тәртіп» бағыты бойынша жүргізілген бұл жұмыстар білім алушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және қоғамдағы жалпы құқықтық мәдениетті арттыруға бағытталған маңызды профилактикалық іс-шара ретінде орындалды деп есептеледі.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив