26
желтоқсан
2025
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПРЕЗИДЕНТІ АТЫНАН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛҒАН “ ҒАЖАЙЫПҚА ТОЛЫ ЖАҢА ЖЫЛ “ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАСЫ
Қазақстан Республикасы Президенті атынан дәстүрлі түрде өткізілетін «Ғажайыпқа толы Жаңа жыл!» атты жаңа жылдық мерекелік іс-шараға
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінің оқушылары қатысып, ерекше қуаныш пен ұмытылмас әсерге бөленді.Атап айтқанда,
аталған мерекелік шараның құрметті қонақтары болды.
Шырша мерекесіне көпбалалы және аз қамтылған отбасылардың балалары, сондай-ақ жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар арнайы шақырылды.
Қала әкімі жас қонақтарды Мемлекет басшысының атынан құттықтап, оларға арнайы жаңа жылдық сыйлықтар табыстады.
Мерекелік бағдарлама аясында жас қатысушыларға Аяз ата мен Ақшақардың қатысуымен театрландырылған жарқын қойылым, аниматорлар шоуы, интерактивті ойындар және думанды музыкалық бағдарлама ұйымдастырылды.




