10
желтоқсан
2025
ЖАҢА ЖЫЛ МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА ПИРОТЕХНИКАНЫ ҚОЛДАНБАУ ЖӨНІНДЕ ОҚУШЫЛАРМЕН ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСЫ
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жарақат алу жағдайларының алдын-алу мақсатында оқушылармен арнайы профилактикалық түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Іс-шараға лицей инспекторы Ж. Шахалақ, ДТІЖО Н. Р. Дусметова және А. Т. Асилова қатысып, оқушыларға пиротехникалық заттарды қолданудың қауіптілігі туралы жан-жақты ақпарат берді.
Кездесу барысында мамандар пиротехникалық бұйымдардың түрлері, олардың дұрыс сақталмауы мен заңсыз қолданылуы салдарынан туындауы мүмкін қауіп-қатерлер жөнінде нақты деректер келтірді. Сонымен қатар:
• пиротехникалық заттарды қолдануға байланысты құқықтық жауапкершілік,
• жарақат алу қаупінің жоғары болуы,
• қоғамдық орындардағы қауіпсіздік нормалары,
• ата-аналардың бақылауының маңызы туралы түсіндірілді.
Оқушыларға қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтау, белгісіз өнімдерді қолданбау, жарылғыш заттардан алыс жүру және төтенше жағдай орын алған жағдайда қайда жүгіну керектігі туралы ұсыныстар берілді.
Бұл шара – мереке күндерінде қауіпсіз ортаны қалыптастыруға, оқушылардың сақтық дағдысын нығайтуға бағытталған маңызды алдын алу жұмысы болып табылады.










