29
қараша
2025
“ ҰШҚЫР ОЙ АЛАҢЫ “ ЖОБАСЫ
Лицейімізде «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында «Әкеге ізет, анаға құрмет» тақырыбында өткізілген «Ұшқыр ой алаңы» зияткерлік ойыны.Лицей парламентінің зияткерлік бағыт көшбасшысы Әуез Жансель ұйымдастырды.
Бүгінгі жаһандану дәуірінде жас ұрпақтың рухани әлемін байыту, отбасылық құндылықтарды жаңғырту және ұлттық тәрбиені дәріптеу — білім беру ұйымдарының басты міндеттерінің бірі. Осы мақсатта лицейімізде «Ұшқыр ой алаңы» жобасы аясында «Әкеге ізет, анаға құрмет» тақырыбындағы зияткерлік ойын жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оқушылар арасында терең мәнді, тәрбиелік маңызы зор іс-шараға айналды.
Іс-шараның негізгі идеясы — оқушыларға ата-анаға деген құрметтің адам өміріндегі ең биік құндылық екендігін ұғындыру, олардың ой-өрісі мен зияткерлік қабілеттерін дамыту, қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ жасөспірімдерге ұлттық тәрбиенің маңызын түсіндіру болды.




