14
қараша
2025
"ЧЕРЛИДЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ЖАСТАР ЛИГАСЫНЫҢ ФИНАЛЫНА ҚАТЫСУҒА АРНАЛҒАН ІРІКТЕУ ТУРНИРІНІҢ ФАН-КЛУБЫ "
Шымкент қаласы Білім басқармасы Әдістемелік орталығының 7 қазандағы №Н-357 хаты негізінде және Шымкент жастар лигаcы жанынан құрылған «Фан-клубтар» қозғалысының қалалық жарысы аясында ұйымдастырылған мәдени-спорттық іс-шараға лицейіміз белсенді қатысып, өз өнерлері мен қабілеттерін жоғары деңгейде көрсетті.
Аталған жарыстың мақсаты – жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, жас фан-қозғалыстарын дамыту, сонымен бірге командалық бірлік, жауапкершілік және достық қарым-қатынасты нығайту болып табылады. Қалалық кезеңге дейін аудандық жарыстардан сүрінбей өткен фан-клуб мүшелері лайықты нәтижеге қол жеткізді.
Іс-шара барысында лицейіміздің оқушылары түрлі бағытта өнер көрсетіп, өздерінің жан-жақтылығымен ерекшеленді. Олар би, ән, көркем-сөз, спорттық қойылымдар, жанды музыка және театрландырылған шағын көріністер ұсынылып, көрермендер мен қазылар алқасының жоғары бағасын алды. Әр өнер көрсетілімінде оқушылар елжандылықты, тәртіп пен ұйымшылдықты, достық пен сыйластық құндылықтарын көркем түрде жеткізе білді.
Лицей фан-клубының шығармашылық тобы өздерінің энергиясымен, ұйымшылдығымен және сахна мәдениетімен көзге түсіп, мектеп намысын абыроймен қорғады. Команданың әр мүшесі жарысқа тыңғылықты дайындалып, бір-бірін қолдап, жоғары деңгейде үйлесімді жұмыс атқарды. Бұл өз кезегінде оқушылардың жауапкершілігін, тәртіптілігін және ортақ мақсатқа жұмылу қабілетін бекіте түсті.
Сонымен бірге жарыс барысында қауіпсіздік талаптары қатаң сақталып, оқушыларға жетекші мұғалімдер тарапынан толық нұсқаулық беріліп отырды. Біркелкі форма, біртұтас стиль, таза командалық рух – лицейіміздің фан-клубын өзгелерден даралай түсті.
Ауқымды іс-шара оқушылардың жеке шығармашылығын ғана емес, олардың тұлғалық дамуын, мәдени ой-өрісін, спорт пен өнерге деген қызығушылығын арттыруға ықпал етті. Мұндай жарыстар жасөспірімдердің бос уақытын тиімді ұйымдастырып, олардың өз әлеуетін ашуына, ортада еркін сөйлеп, өзін көрсете алуына зор мүмкіндік береді.
Қалалық «Фан-клубтар» қозғалысы аясындағы лицей оқушыларының өнер көрсетуі — оқушылардың таланты мен жігерінің, тәрбие мен білімнің, ынтымақ пен еңбектің ортақ жемісі. Бұл бастама жас буынның азаматтық белсенділігін арттырып, отансүйгіштік сезімін күшейтіп, мектеп қауымдастығының мәдени өмірін жандандырды.

