04
қазан
2025
ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ 👩🏫 ДУБЛЕР КҮНІ
«Ұстазға алғыс» апталығы аясындағы ерекше күн – Дублер күні
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде «Ұстазға алғыс» апталық жоспарына сәйкес Дублер күні ұйымдастырылды.
Бұл күннің басты мақсаты – шәкірттерімізге ұстаз еңбегінің маңызын сезіндіру, мұғалім болудың жауапкершілігі мен еңбектің ауыр да абыройлы екенін ұғындыру. Жоғары сынып оқушылары ұстаздардың рөлін сомдап, сабақ жүргізіп, сыныппен жұмыс жасап көрді.
Оқушылар өз тәжірибелері арқылы әрбір сабақты жоспарлаудың, тәртіп сақтаудың, әр баланың жүрегіне жол табудың қаншалықты маңызды екенін түсінді. Бұл орайда олар ұстаздық мамандықтың тек білім беру ғана емес, шәкіртке бағыт-бағдар көрсетіп, ізгілік пен сенім сыйлау екеніне көз жеткізді.
Ұстаздар қауымы да шәкірттерінің осындай белсенділігіне риза болып, олардың жаңа қырынан танылғанына қуанды.





