18
сәуір
2025
"АШЫҚ ЕСІК" КҮНІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ






"АШЫҚ ЕСІК" КҮНІ
ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
18.04.2025 жылы Ө.А.Жолдасбеков атындағы #9 IT лицей базасында "Психологиялық қолдау орталығы" әдіскер маманы Р.Халилаева мен К.Беспаева және директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Б.Донаева, Н.Дусметова, педагог-психологтары Ә.Бектаева, Ж.Жанасова бірлесе отырып, 9 сынып оқушыларына "Өмірлік мақсатқа жету және өзіндік анықталу" тақырыбында психологиялық тренинг және ата-аналарға "Бақытты ата-ана = бақытты бала" аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
"Психологиялық қолдау орталығы" жұмысының мақсаты мен миссиясы таныстырылып, ата-аналарға психологиялық қызметтің тиімділігін және оның оқу процесіндегі маңыздылығы мен көмек көрсету мүмкіндіктері түсіндірілді. Іс шара барысында ата-аналарға психологиялық бағыт-бағдарлар, кеңестер ұсынылып, ата-аналар мен мұғалімдерге бала психологиясына қатысты жадынамалар тарқатылды.