14
наурыз
2025
НАУРЫЗНАМА - 2025



НАУРЫЗНАМА 2025
14 наурыз - "Көрісу күні - АМАЛ мерекесі"
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.А.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде ұлттық құндылықтарды насихаттау мақсатында Наурызнама тұжырымдамасына сәйкес 14 наурыз - "Көрісу күні - АМАЛ мерекесі" өткізілді.
Ұлыстын ұлы күнін кайта жаңғырту, төл мерекемізді қалыптастыру мақсатында өтілетін елімізде дәстүрге айналған Наурызнама онкүндігінің шымылдығын Амал мерекесі ашады. Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының мұғалімдерінің ұйымдастыруымен Наурыз мерекесінің басталуының белгісі, көктемнің алғашқы қарсаңы аясында бір біріне жақсы тілек айтып, құттықтады. Әсем ән, төгілген күй, ізгі тілектер көтеріңкі көңіл- күй сыйлады