Материалы за 15.10.2025 » Страница 2 » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Материалы за 15.10.2025 » Страница 2
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДА
15
қазан
2025
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДА
             Шымкент қаласы білім барқармасы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен XVIII Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі өтілді.Ө.А.Жолдасбеков атындағы 9 ІТ лицейінің а 11"А"  сынып оқушысы Абу - Шарип Әділхан қатысып, жүлделі 1 орынға ие болды.Озық ойлы оқушымызға сәттілік тілейміз! Сынып жетекшісі: Г.У.Анартаева және пән мұғалімдеріне алғыс айтамыз!
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА
15
қазан
2025
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА
       Шымкент қаласы білім барқармасының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ө.А.Жолдасбеков атындағы 9 ІТ лицейінде 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтті. Математика,жаратылыстану,қазақ тілі мен әдебиеті,орыс тілі мен әдебиеті,Қазақстан тарихы,ағылшын тілі пәндерінен -175 оқушы қатысты.Олимпиада жүлдегерлеріне аудандық кезеңге сәттілік тілейміз!
"ТАРИХ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ" апталығы
15
қазан
2025
"ТАРИХ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ" апталығы
       10.10.2025 күні 9 "Ғ" сыныбында Кененбаев Нұрлан Исаевич өткізген «Әлихан Бөкейханов – Алаш партиясының лидері» тақырыбындағы сабақ жоғары деңгейде өтті. Мұғалім тарихи деректерді жүйелі түрде түсіндіріп, оқушылардың ойлау, талдау қабілеттерін дамытуға назар аударды. Сабақта топтық жұмыс, сұрақ-жауап әдістері тиімді қолданылып, оқушылар белсенділік танытты. Тақырып тәрбиелік, тарихи тұрғыдан терең ашылды.
“ТАРИХ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ” АПТАЛЫҒЫ
15
қазан
2025
“ТАРИХ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ” АПТАЛЫҒЫ
"Тарих және география" апталығында «Ғылыми жобаларға әдістемелік ұсыныстар» тақырыбындағы коучингті Кадирова Зульфия Аслановна ұстаздармен өткізді. Коучинг өте мазмұнды әрі тәжірибеге бағытталған деңгейде өтті. Мұғалімдер ғылыми жобаның құрылымы, тақырып таңдаудағы дәлдік, зерттеу әдістерін қолдану және оқушыларды ғылыми ізденіске ынталандыру жолдарын меңгерді. Практикалық ұсыныстар мен нақты мысалдар арқылы қатысушылар өз тәжірибелеріне жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік алды.
"ТАРИХ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ“ АПТАЛЫҒЫ
15
қазан
2025
"ТАРИХ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ“ АПТАЛЫҒЫ
                 10.10.2025 күні 8 "Г" сыныбында Дуйсенбаева Гулнара Даулетовна өткізген «Бірінші дүниежүзілік соғыс» тақырыбындағы сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Мұғалім тарихи деректерді оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай ұсынды, тақырыпты талдауда сын тұрғысынан ойлау әдістерін тиімді қолданды. Оқушылар белсенді қатысып, тарихи оқиғаларға талдау жасап, өз көзқарастарын білдіре алды. Сабақ мақсатына толық жетті.
Назад 1 2 Вперед