«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі» http://9.shymkent-mektebi.kz/ ru «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі» DataLife Engine ШАБЫТ ЖОБАСЫ http://9.shymkent-mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/1418-shabyt-zhobasy.html http://9.shymkent-mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/1418-shabyt-zhobasy.html
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің 2”Ә” сынып оқушылары Шымкент қалалық қуыршақ театрының “Тазша бала-Наурыз” ертеңгілік премьерасын тамашалауға барды.
Қызықты әрі тәрбиелік мәні зор қойылым балаларға ерекше әсер сыйлады. Көркем безендірілген сахна, әсерлі кейіпкерлер мен қызықты оқиға желісі оқушылардың көңілінен шығып, оларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Балалар ұлттық құндылықтар мен Наурыз мерекесінің маңызы туралы ақпарат алды. Жетекшісі: А.Б.Дүйсебаева. 
]]>

admin Thu, 12 Mar 2026 09:38:40 +0600
“ЗАҢ МЕН ТӘРТІП” ҚАҒИДАСЫ ЖӘНЕ “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” АКЦИЯСЫ АЯСЫНДА ҚАЛАЛЫҚ ИНТЕЛЛЕКТУАЛДЫҚ САЙЫСТАН СУПЕР ФИНАЛҒА ЖОЛДАМА http://9.shymkent-mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/1417-za-men-trtp-aidasy-zhne-taza-azastan-akcijasy-ajasynda-alaly-intellektualdy-sajystan-super-finala-zholdama.html http://9.shymkent-mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/1417-za-men-trtp-aidasy-zhne-taza-azastan-akcijasy-ajasynda-alaly-intellektualdy-sajystan-super-finala-zholdama.html Шымкент қаласы "Жастар ресурстық орталығы" КММ  ұйымдастыруымен "Заң мен тәртіп" қағидасы және "Таза Қазақстан" акциясы аясында Әл-Фараби ауданы бойынша қалалық интеллектуалдық сайыста оқушыларымыз 2-орынды иеленіп, СУПЕР ФИНАЛҒА жолдама алды!Құттықтаймыз!]]> Шымкент қаласы "Жастар ресурстық орталығы" КММ  ұйымдастыруымен "Заң мен тәртіп" қағидасы және "Таза Қазақстан" акциясы аясында Әл-Фараби ауданы бойынша қалалық интеллектуалдық сайыста оқушыларымыз 2-орынды иеленіп, СУПЕР ФИНАЛҒА жолдама алды!Құттықтаймыз!]]> admin Thu, 12 Mar 2026 09:37:32 +0600 ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ДИКТАНТ http://9.shymkent-mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/1416-profilaktikaly-diktant.html http://9.shymkent-mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/1416-profilaktikaly-diktant.html
Шымкент қаласы  білім  басқармасына  қарасты  Ө. Жолдасбеков  атындағы №9 ІТ лицейімізде білім алушылардың денсаулығын сақтау, санитарлық-гигиеналық мәдениетін қалыптастыру және жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында 5–11 сынып оқушылары арасында «Құтыру ауруының алдын алу» және «Дерматомикоздың алдын алу» тақырыптарында профилактикалық диктант ұйымдастырылып өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға құтыру ауруы мен дерматомикоздың адам денсаулығына тигізетін зияны, олардың пайда болу себептері және жұғу жолдары туралы маңызды мәліметтер түсіндірілді. Сонымен қатар оқушылар жануарлармен қарым-қатынас жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелері, жеке бас гигиенасын сақтау, аурудың алғашқы белгілерін дер кезінде байқау және алдын алу шаралары туралы ақпараттармен танысты.
Профилактикалық диктант арқылы білім алушылар тек жазба жұмысын орындап қана қоймай, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, қоршаған ортадағы қауіп-қатерлерден сақтану және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын түсінді. Бұл шара оқушылардың денсаулық мәдениетін арттырып, жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі білімдерін нығайтуға бағытталды.
Осындай тәрбиелік әрі ақпараттық маңызы бар жұмыстар оқушылардың  қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың өмірге деген жауапкершілік көзқарасын қалыптастыруға және қоғамдағы санитарлық мәдениетті дамытуға өз үлесін қосады.

admin Tue, 10 Mar 2026 16:48:49 +0600
ҚАМҚОР ЖОБАСЫ http://9.shymkent-mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/1415-amor-zhobasy.html http://9.shymkent-mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/1415-amor-zhobasy.html
Шымкент  қаласы  білім  басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков  атындағы  №9 ІТ лицейінің оқушылары 10.03.2026 жыл күні  "Қамқор жобасы" аясында  мейірімділік пен қамқорлықтың жарқын үлгісі болған игі іс-шара өтті. ДТЖЖО А.Т.Асилова және ұйымдастырушы-педагог М.Б.Үсен, жетекшісі  М.К.Каирбекова бастамасымен оқушылар Сайрам Көмекші Мектеп-интернат-колледж барып,қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында оқушылар мектепке қажетті оқу құралдарын, кеңсе тауарларын табыстап, кішкентай достарына қуаныш сыйлады. Бұл тек материалдық көмек қана емес, ең алдымен – жүректен шыққан шынайы жанашырлықтың көрінісі болды. Балалар өз қолдарымен жинаған оқу құралдарын табыстай отырып, қамқорлық, жанашырлық, жауапкершілік сияқты адами құндылықтардың маңызын терең сезінді.
Кездесу барысында оқушылар өзара танысып, жылы әңгімелесіп, достық қарым-қатынас орнатты. Мұндай шаралар өскелең ұрпақтың бойында мейірімділік, ізгілік, әлеуметтік жауапкершілік сезімдерін қалыптастырады. Әсіресе жасөспірім кезеңде өзгеге көмек көрсету арқылы бала өз өміріндегі құндылықтарды қайта саралап, рухани тұрғыда байи түседі.
Қайырымдылық – тек көмек беру емес, ол – жүрек тәрбиесі. Осындай игі бастамалар арқылы оқушыларымыз «бірлік», «құрмет», «адамгершілік» ұғымдарының мәнін іс жүзінде түсінеді. Бұл шара өскелең ұрпақтың бойында қоғамға пайдалы болуға деген ұмтылысты арттырып, жақсылық жасауға деген сенімді нығайтты.
Жақсылық жасау – әр адамның қолынан келеді. Ал оны бала жастан үйрету – үлкен тәрбиелік мәнге ие. Бүгінгі қайырымдылық ісі – соның айқын дәлелі.

admin Tue, 10 Mar 2026 16:40:20 +0600
8 НАУРЫЗ – ӘЙЕЛДЕРГЕ ҚҰРМЕТ ПЕН ІЗЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КЕРЕМЕТ КОНЦЕРТ http://9.shymkent-mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/1414-8-nauryz-jelderge-rmet-pen-zet-krsetlgen-keremet-koncert.html http://9.shymkent-mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/1414-8-nauryz-jelderge-rmet-pen-zet-krsetlgen-keremet-koncert.html
2026 жылдың 6 наурыз күні Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінің акт залында «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне арналған әсерлі әрі мазмұнды концерттік бағдарлама өтті. Іс-шараның басты мақсаты – лицейдің ардақты педагогтерін мерекемен құттықтау, білім алушылар мен ұстаздар арасындағы ізгі қарым-қатынасты нығайту, сондай-ақ оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту болды. 🌸
Мерекелік кешті бастауыш сынып оқушылары Нурали мен Дария жылы лебіздерімен ашып, көктемнің шуақты мерекесімен құттықтады. Оқушылар аналар мен ұстаздардың қоғамдағы орны ерекше екенін айтып, жүрекжарды тілектерін білдірді.
Салтанатты кеш барысында лицей директоры Гульназ Сайлауовна ұстаздарды мерекемен құттықтап, педагог мамандығының қоғамдағы маңызды рөлі мен ұстаздардың ерен еңбегіне алғыс білдірді.
Концерттік бағдарлама оқушылардың өнерімен жалғасын тапты. Көрермендерге мектеп хорының әсем әндері, домбыраның күмбірлеген күйі, оқушылардың нәзік билері және әсерлі мәнерлеп оқу номерлері ұсынылды. Әсіресе домбыра үйірмесінің жетекшісі, лицей түлегі Бекжан ағайдың орындауындағы ән мен лицей ер азаматтарының құттықтауы көрермендердің ерекше ықыласына бөленді.
Сонымен қатар 5-сынып оқушыларының ән-би композициясы, 10-сынып қыздарының көркем биі және «Ана» тақырыбындағы әсерлі өлең жолдары кештің мазмұнын тереңдете түсті. Бұл өнер көрсетілімдері ананың мейірімі мен әйел затының қоғамдағы қадір-қасиетін дәріптеп, көрермендердің жүрегіне ерекше жылулық сыйлады. 💐
Мерекелік концерттің соңында лицей әкімшілігі атынан Гульназ Сайлауовна мен директордың орынбасарлары ұстаздарға арнап ән шашу ұсынып, кештің сәнін кіргізді.
Осындай тағылымды кеш арқылы оқушылар аналарға, ұстаздарға деген құрмет пен алғысын білдіріп, мейірімділік, ізет, сыйластық сияқты адамгершілік құндылықтарды насихаттады. Мерекелік кеш барлық қатысушыларға көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, көктемнің шуақты лебін сезіндірген әсерлі шара болды. 

admin Sat, 07 Mar 2026 10:33:33 +0600
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ http://9.shymkent-mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/1413-ata-analardy-pedagogikaly-oldau-ortalyy.html http://9.shymkent-mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/1413-ata-analardy-pedagogikaly-oldau-ortalyy.html
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 06.03.2026 жылы “Адал азамат-біртұтас тәрбие “бағдарламасы аясында Үйірме жетекшілері Мошкалова Лаззат Демесбековна және Абенова Жазира Абдимомынқызының бастамасымен  .  Бүгін «5 А»-сынып оқушылары және сынып жетекшісі Сарсенова Гулнара Куатовна мен «Анамның аяулы алақаны!» тақырыбында тәрбиелік мәні зор тәрбие сағаты өткізілді. Сабақтың негізгі мақсаты – оқушылардың анаға деген сүйіспеншілігін арттыру, ананы құрметтеуге, қадірлеуге тәрбиелеу.
Тәрбие сағаты барысында оқушылар ана туралы жылы сөздер айтып, өлеңдер оқыды. Сонымен қатар ананың мейірімі мен қамқорлығы жайында өз ойларымен бөлісті. Әртүрлі ойындар мен шығармашылық тапсырмалар арқылы балалар ананың өмірдегі ерекше орнын түсінді.
Оқушылар өз қолдарымен аналарына арнап жүрекжарды тілектер жазып, шағын сыйлықтар дайындады. Бұл сәт балалардың анаға деген шексіз махаббатын, құрметін көрсетті.
Ана – әр адамның өміріндегі ең қымбат жан. Сондықтан ананы сыйлау, құрметтеу – әр баланың басты борышы. Осындай тәрбиелік іс-шаралар арқылы оқушылардың жүрегіне мейірім, сүйіспеншілік пен құрмет сезімдері ұялайды.Үйірме жетекшісі : Бөртебаев Бекжан Әбілқасымұлы «Ана туралы ән» жырлады.

admin Sat, 07 Mar 2026 10:25:20 +0600
«ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП» АЯСЫНДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ http://9.shymkent-mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/1412-za-zhne-trtp-ajasynda-zhalpyalaly-ata-analar-zhinalysy.html http://9.shymkent-mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/1412-za-zhne-trtp-ajasynda-zhalpyalaly-ata-analar-zhinalysy.html
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде 2026 жылдың 5 наурызында қалалық прокуратураның бастамасымен «Заң және тәртіп» тақырыбында сағат 16:30 да лицей акт залында жалпықалалық ата-аналар жиналысы  ZOOM платформасы арқылы өткізілді.
Жиналыстың басты мақсаты – ата-аналарды оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстармен таныстыру болды. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар арасындағы келеңсіз жағдайлардың алдын алу, оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру және олардың қосымша білім беру үйірмелеріне қатысуының маңыздылығы туралы ақпарат берілді. Жиын барысында Шымкент қаласы прокуратурасы тарапынан әлеуметтік желілерде іске қосылған «IDOS» платформасының мақсаты мен мүмкіндіктері туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу аясында ата-аналарға балалардың қауіпсіздігін сақтау, психологиялық қолдау көрсету, құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында нақты ұсыныстар мен кеңестер берілді. Сондай-ақ, лицей мен  ата-аналар арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.
Балалардың қауіпсіздігі мен жан-жақты дамуын қамтамасыз ету – қоғам мен отбасының ортақ жауапкершілігі болып табылады.

admin Fri, 06 Mar 2026 16:15:33 +0600
ҚАМҚОР ЖОБАСЫ http://9.shymkent-mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/1411-amor-zhobasy.html http://9.shymkent-mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/1411-amor-zhobasy.html
Шымкент  қаласы  білім  басқармасына қарасты Ө. Жолдасбеков  атындағы  №9 ІТ лицейінің 7 «Г» және 7 «Д» сынып оқушылары 05.03.2026 жыл күні  "Қамқор жобасы" аясында  мейірімділік пен қамқорлықтың жарқын үлгісі болған игі іс-шара өтті. Сынып жетекшісі Федулова Мария Сергеевна және ДТЖЖО Н.Р. Дусметова бастамасымен оқушылар Сайрам Көмекші Мектеп-интернат-колледж барып, қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында оқушылар мектепке қажетті оқу құралдарын, кеңсе тауарларын табыстап, кішкентай достарына қуаныш сыйлады. Бұл тек материалдық көмек қана емес, ең алдымен – жүректен шыққан шынайы жанашырлықтың көрінісі болды. Балалар өз қолдарымен жинаған оқу құралдарын табыстай отырып, қамқорлық, жанашырлық, жауапкершілік сияқты адами құндылықтардың маңызын терең сезінді.
Кездесу барысында оқушылар өзара танысып, жылы әңгімелесіп, достық қарым-қатынас орнатты. Мұндай шаралар өскелең ұрпақтың бойында мейірімділік, ізгілік, әлеуметтік жауапкершілік сезімдерін қалыптастырады. Әсіресе жасөспірім кезеңде өзгеге көмек көрсету арқылы бала өз өміріндегі құндылықтарды қайта саралап, рухани тұрғыда байи түседі.
Қайырымдылық – тек көмек беру емес, ол – жүрек тәрбиесі. Осындай игі бастамалар арқылы оқушыларымыз «бірлік», «құрмет», «адамгершілік» ұғымдарының мәнін іс жүзінде түсінеді. Бұл шара өскелең ұрпақтың бойында қоғамға пайдалы болуға деген ұмтылысты арттырып, жақсылық жасауға деген сенімді нығайтты.
Жақсылық жасау – әр адамның қолынан келеді. Ал оны бала жастан үйрету – үлкен тәрбиелік мәнге ие. Бүгінгі қайырымдылық ісі – соның айқын дәлелі.
]]>
Шымкент  қаласы  білім  басқармасына қарасты Ө. Жолдасбеков  атындағы  №9 ІТ лицейінің 7 «Г» және 7 «Д» сынып оқушылары 05.03.2026 жыл күні  "Қамқор жобасы" аясында  мейірімділік пен қамқорлықтың жарқын үлгісі болған игі іс-шара өтті. Сынып жетекшісі Федулова Мария Сергеевна және ДТЖЖО Н.Р. Дусметова бастамасымен оқушылар Сайрам Көмекші Мектеп-интернат-колледж барып, қайырымдылық акциясын ұйымдастырды.
Іс-шара барысында оқушылар мектепке қажетті оқу құралдарын, кеңсе тауарларын табыстап, кішкентай достарына қуаныш сыйлады. Бұл тек материалдық көмек қана емес, ең алдымен – жүректен шыққан шынайы жанашырлықтың көрінісі болды. Балалар өз қолдарымен жинаған оқу құралдарын табыстай отырып, қамқорлық, жанашырлық, жауапкершілік сияқты адами құндылықтардың маңызын терең сезінді.
Кездесу барысында оқушылар өзара танысып, жылы әңгімелесіп, достық қарым-қатынас орнатты. Мұндай шаралар өскелең ұрпақтың бойында мейірімділік, ізгілік, әлеуметтік жауапкершілік сезімдерін қалыптастырады. Әсіресе жасөспірім кезеңде өзгеге көмек көрсету арқылы бала өз өміріндегі құндылықтарды қайта саралап, рухани тұрғыда байи түседі.
Қайырымдылық – тек көмек беру емес, ол – жүрек тәрбиесі. Осындай игі бастамалар арқылы оқушыларымыз «бірлік», «құрмет», «адамгершілік» ұғымдарының мәнін іс жүзінде түсінеді. Бұл шара өскелең ұрпақтың бойында қоғамға пайдалы болуға деген ұмтылысты арттырып, жақсылық жасауға деген сенімді нығайтты.
Жақсылық жасау – әр адамның қолынан келеді. Ал оны бала жастан үйрету – үлкен тәрбиелік мәнге ие. Бүгінгі қайырымдылық ісі – соның айқын дәлелі.
]]>
admin Fri, 06 Mar 2026 16:12:28 +0600
ОЙЫНҒА САЛАУАТТЫ КӨЗҚАРАС” ЛУДОМАНИЯНЫҢ АЛДЫН -АЛУ ІС-ШАРАСЫ http://9.shymkent-mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/1410-ojyna-salauatty-kzaras-ludomanijany-aldyn-alu-s-sharasy.html http://9.shymkent-mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/1410-ojyna-salauatty-kzaras-ludomanijany-aldyn-alu-s-sharasy.html
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде оқушылар арасында «Ойынға салауатты көзқарас» тақырыбында лудоманияның алдын-алу бойынша түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Бұл заманда интернеттің дамуына байланысты түрлі онлайн ойындар мен құмар ойындарға қолжетімділік артып отыр. Соның салдарынан жасөспірімдер арасында ойынға тәуелділік қаупі де күшейе түсуде. Осыған орай оқушыларға лудоманияның зияны, оның психологиялық және әлеуметтік салдары, сондай-ақ алдын 
-алу жолдары туралы кеңінен түсіндірілді.
Іс-шара барысында уақытты тиімді пайдалану, бос уақытты пайдалы бағытқа бұру, саналы шешім қабылдау және жеке жауапкершіліктің маңыздылығы айтылды.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында ойынға деген дұрыс әрі жауапты көзқарас қалыптастыру және зиянды әдеттердің алдын-алу.

admin Fri, 06 Mar 2026 16:08:34 +0600
ӘСКЕРГЕ БАРУ - ӘРБІР ЕР АЗАМАТТЫҢ БОРЫШЫ http://9.shymkent-mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/1409-skerge-baru-rbr-er-azamatty-boryshy.html http://9.shymkent-mektebi.kz/meroprijatija-prazdniki/1409-skerge-baru-rbr-er-azamatty-boryshy.html
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде алғашқы әскери және технологиялық дайындық пәнінің жылдық жоспарына сәйкес 9–11 сынып оқушыларының патриоттық тәрбиесін қалыптастыру, олардың қызығушылықтары мен қабілеттерін дамыту мақсатында "Әскерге бару – әрбір ер азаматтың борышы" тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
Іс-шараға лицейіміздің  2025 жылғы түлегі, қазіргі таңда Сағадат Нұрмағамбетов атындағы Құрлық әскерлерінің Әскери институтының студенті Утемисов Қасымжомарт Рулатұлы арнайы қатысып, 10 «Ғ» сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында Қасымжомарт Рулатұлы әскери оқу орнына түсу жолдары, әскери өмірдің ерекшеліктері, әскери қызметтің маңызы туралы айтып, оқушыларға өз тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, Отан алдындағы борышты өтеу – әрбір ер азаматтың азаматтық міндеті екендігін атап өтіп, жастарды елін қорғауға дайын болуға шақырды.
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, әскери мамандық туралы құнды ақпарат алды. Іс-шара оқушылардың патриоттық сезімін арттырып, әскери мамандыққа деген қызығушылықтарын оятуға ықпал етті.

admin Fri, 06 Mar 2026 16:01:16 +0600