Оқушыларға - «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі» http://9.shymkent-mektebi.kz/ ru Оқушыларға - «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі» DataLife Engine ҰЛТТЫҚ БІРЫҢҒАЙ ТЕСТІЛЕУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ МЕН ЖАҢА ТАЛАПТАРЫ http://9.shymkent-mektebi.kz/oushylara/bt/1185-ltty-bryaj-testleu-erekshelkter-men-zhaa-talaptary.html http://9.shymkent-mektebi.kz/oushylara/bt/1185-ltty-bryaj-testleu-erekshelkter-men-zhaa-talaptary.html
Бүгін №9 IT мектеп-лицейінде ҚР Ұлттық тестілеу орталығының Шымкент филиалының сарапшысы Әлімбетов Жеңіс Нұрмаханұлы 11-сынып ата-аналарына 2026 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеудің ерекшеліктері мен жаңа талаптары туралы толық ақпарат берді.
Тестілеу қалай өтетіні, онлайн тіркелу, тестілеу мерзімдері мен ережелері туралы жан-жақты түсінік алдық. Сонымен қатар, тестілеу құны және мектеп бітірушілер үшін тегін өтетінін де айтты.
Ата-аналар тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар беріліп, кездесудің пайдалы әрі мазмұнды өткенін атап өтеміз.
Баршаға сәттілік тілейміз!
]]>

admin Fri, 14 Nov 2025 15:58:59 +0600
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДАҒЫ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ http://9.shymkent-mektebi.kz/oushylara/1118-zhassprmder-arasynday-ybzushylyty-aldyn-alu.html http://9.shymkent-mektebi.kz/oushylara/1118-zhassprmder-arasynday-ybzushylyty-aldyn-alu.html      
       Шымкент  қаласы  білім  басқармасына  қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейімізде жасөспірімдер арасында қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында түсіндіру жиналысы өткізілді. Іс-шараға Әл-Фараби аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі – Оңғар Берік Арманұлы және жедел уәкіл – Баймурзаев Айдос Алипбаевич арнайы шақырылып, 10-сынып оқушыларымен кездесу ұйымдастырылды.
Кездесу барысында оқушыларға жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың түрлері, оның заң алдындағы жауапкершілігі мен салдары туралы кеңінен түсіндірілді. Мамандар қазіргі қоғамдағы өзекті мәселелердің бірі – интернеттегі құқық бұзушылықтар, әлеуметтік желілердегі кибербуллинг және жастар арасындағы тәртіп сақтамау жағдайлары жөнінде нақты мысалдар келтіре отырып әңгіме жүргізді.
Сонымен қатар оқушыларға өз-өзін қорғау мәдениеті, қауіпсіз мінез-құлық қалыптастыру, бөтеннің мүлкіне қол сұқпау, жауапкершілік пен азаматтық сана туралы маңызды кеңестер берілді. Кездесудің басты мақсаты – жас ұрпаққа заңды құрметтеу, тәртіпті сақтау және дұрыс өмірлік таңдау жасау қағидаларын ұғындыру болды.
Оқушылар офицерлердің айтқан кеңестерін үлкен қызығушылықпен тыңдап, өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық пікір алмасты.
Мұндай кездесулер жасөспірімдер арасында құқықтық сауаттылықты арттыруға, заң алдындағы жауапкершілік сезімін нығайтуға және қоғамда құқық бұзушылықтың алдын алуға бағытталған.
➡️ Құндылық: Бұл шара «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып, оқушылардың бойында адалдық, жауапкершілік және құқықтық мәдениет құндылықтарын қалыптастыруға негіз болды.

admin Fri, 10 Oct 2025 17:35:11 +0600
ОҚУШЫЛАРҒА ҰБТ-ті ТҮСІНДІРУ ЖҰМЫСТАРЫН ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ КЕЗДЕСУ http://9.shymkent-mektebi.kz/oushylara/bt/1109-oushylara-bt-t-tsndru-zhmystaryn-zhrgzu-turaly-kezdesu.html http://9.shymkent-mektebi.kz/oushylara/bt/1109-oushylara-bt-t-tsndru-zhmystaryn-zhrgzu-turaly-kezdesu.html

      Бүгін мектебімізде 11-сынып оқушылары үшін маңызды кездесу ұйымдастырылды.*  
 ҚР ҒЖБМ "Ұлттық тестілеу орталығы" ШЖҚРМК Шымкент қаласындағы филиалы
Аға сарапшы Сыпабек Қасымхан Сайлаубекұлы оқушыларға *Ұлттық бірыңғай тестілеу (ҰБТ)* туралы толыққанды ақпарат беріп, маңызды мәліметтермен бөлісті.
Кездесу барысында:
✅ ҰБТ форматы мен өзгерістері,  
✅ Пән таңдау ережелері,  
✅ Тіркелу тәртібі мен мерзімдері,  
✅ Сертификаттың жарамдылық мерзімі,  
✅ Грантқа құжат тапсыру процесі  
сияқты көптеген маңызды тақырыптар қамтылды.  
Оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі түсінікті жауаптар алды. Бұл кездесу алда үлкен таңдау мен жауапты қадамға дайындалып жүрген түлектер үшін өте пайдалы әрі бағыт-бағдар берерлік болды.  
📚 Осындай шаралар — оқушылардың сенімділігін арттырып, болашақ мамандығын дұрыс таңдауға көмектеседі.
Ұйымдастырушыларға алғыс білдіреміз!  
Түлектерімізге сәттілік тілейміз! 💫

admin Mon, 06 Oct 2025 14:36:16 +0600
КӘСІБИ БАҒДАР БЕРУ КЕЗДЕСУІ http://9.shymkent-mektebi.kz/oushylara/1078-ksbi-badar-beru-kezdesu.html http://9.shymkent-mektebi.kz/oushylara/1078-ksbi-badar-beru-kezdesu.html        

           Шымкент  қаласы білім басқармасына қарасты  Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейде ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының дене шынықтыру даярлығы кафедрасының доценті, полиция подполковнигі Кабидуллинов Ержан Айтбайұлы лицейіміздің 11-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар кездесуін өткізді.
🔹 Кездесу барысында болашақ мамандық таңдаудың маңызы, құқық қорғау саласының ерекшеліктері жайлы кеңінен сөз қозғалды.
🔹 Академия курсанттары – Дебей Айгерім Сапарбекқызы, Серікбай Нұркелді Жасұланұлы, Абдулла Асқар Жубандықұлы – өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқушыларға пайдалы ақпараттар берді.
🔹 Жиын сұрақ-жауаппен жалғасып, жас түлектерге үлкен серпін мен мотивация сыйлады.
✨ Бұл кездесу – оқушыларымызға өз болашағына сенімді қадам жасауға, өмірлік жолын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар берген тағылымды шара болды.

admin Tue, 23 Sep 2025 18:57:13 +0600
"BILIMAPP" http://9.shymkent-mektebi.kz/oushylara/1064-bilimapp.html http://9.shymkent-mektebi.kz/oushylara/1064-bilimapp.html  
     2025–2026 оқу жылының басында 4-сынып оқушылары "BilimApp" платформасы арқылы нөлдік (0-дік) бақылау жұмысын тапсырды.  
Бақылау жұмысының мақсаты – оқушылардың өткен оқу жылындағы білім деңгейін анықтау және жеке оқу траекториясын жоспарлау.
Бақылау тапсырмалары оқу пәндері бойынша құрастырылып, әр оқушы жеке логин/пароль арқылы жүйеге кіріп, онлайн түрде орындады.
Нәтижелер жүйеде автоматты түрде тіркеліп, талдау үшін мұғалімдерге қолжетімді болды.
Қорытынды: 
Оқушылардың "BilimApp" платформасымен жұмыс істеу дағдылары қалыптасқан. Барлық 4-сынып оқушылары бақылауға толық қатысты. Жұмыс уақтылы және талапқа сай орындалды.

admin Sat, 20 Sep 2025 11:35:30 +0600
Halyk және Kundelik http://9.shymkent-mektebi.kz/oushylara/oushylar-zhetstkter/1025-halyk-zhne-kundelik.html http://9.shymkent-mektebi.kz/oushylara/oushylar-zhetstkter/1025-halyk-zhne-kundelik.html
Halyk және Kundelik
Kundelik компаниясы Halyk Bank-пен бірлесіп kundelik.kz сайтында тіркелген 5-11 сынып оқушылары үшін мотивациялық бағдарламаны жүзеге асырады.
Әр формативті бағалау 10 ұпаймен бағаланады. Әрбір формативті бағалау 10 ұпай үшін  Halyk EASY картасына 100 бонус беріледі. Сондай-ақ, 24 қазаннан бастап Халық банкінің қызметкерлері оқу жылының соңына дейін ай сайын 100 000 бонустық қосымша ұтыс ойынын өткізіп келеді.
Бүгін  100 000 бонус ұтып алған Ө.А. Жолдасбеков атындағы N9 лицейдің 11 "З" сынып оқушысы Бозорбой Нуримжанды құттықтауға  Шымкент қаласы білім басқармасының әдістемелік орталығының директоры Айтбаева Шолпан Сапарбайқызы және  Шымкент қалалық Halyk Bank филиалы директорының орынбасары Томин Евгений Михайлович келіп, қатысқандарыңыз және жеңіс жолында көрсеткен тілектеріңіз үшін рахмет айтты.  Сыныптастары Нуримжанды шын жүректен құттықтап, үлкен жеңістерге қол жеткізуге тілек білдірді.
Өйткені, ұтыс ойынында әрқайсыңыз да жеңімпаз атана аласыз, ол үшін KUNDELIK сайтына кіріп, Halyk ОҢАЙ картасын ашып, оқу, оқу және қайта оқу қажет!!!

admin Tue, 18 Mar 2025 16:54:14 +0600
ҰБТ -2025 http://9.shymkent-mektebi.kz/oushylara/bt/979-bt-2025.html http://9.shymkent-mektebi.kz/oushylara/bt/979-bt-2025.html ]]> ]]> admin Thu, 16 Jan 2025 15:47:29 +0600 РЕСПУБЛИКАДАҒЫ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚОЗҒАЛЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ МЕН СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ" http://9.shymkent-mektebi.kz/oushylara/oushylar-zhetstkter/860-respublikaday-balalar-men-zhassprmder-ozalysyn-damytudy-perspektivalary-men-strategijaly-bayttary.html http://9.shymkent-mektebi.kz/oushylara/oushylar-zhetstkter/860-respublikaday-balalar-men-zhassprmder-ozalysyn-damytudy-perspektivalary-men-strategijaly-bayttary.html
РЕСПУБЛИКАДАҒЫ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚОЗҒАЛЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ МЕН СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ" 
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті 2024 жылғы 17-18 қазанда  «Республикадағы балалар-жасөспірімдер қозғалысын дамыту перспективалары мен стратегиялық бағыттары» республикалық балалар-жасөспірімдер қозғалысын дамыту жөніндегі республикалық үйлестіру кеңесінің  кеңейтілген отырысы өтті.
Республикалық үйлестіру кеңесінің отырысы барысында Қазақстандағы балалар-жасөспірімдер қозғалысын дамыту перспективаларын, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы шеңберінде балалар-жасөспірімдер қозғалысын дамытудың жаңа тәсілдерін, қазақстандық қоғамның құндылықтар жүйесіне сәйкес білім алушылардың жеке басын қалыптастыру үшін әлеуметтік маңызы бар жобаларды енгізу мәселелерін талқылау жоспарланды.
Отырысқа Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту, қорғаныс, төтенше жағдайлар, денсаулық сақтау, мәдениет және ақпарат, туризм және спорт, экология және табиғи ресурстар министрліктерінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, республикалық балалар-жасөспірімдер қозғалысын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшелері, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының орынбасарлары, балалар мен жасөспірімдер қозғалысының үйлестірушілері және көшбасшылары қатысты.
 Аталған іс - шараға Республикалық координациялық кеңесінің мүшесі, Ө.А.Жолдасбеков атындағы N9 IT лицейінің мектеп президенті Каирбек Дарига қатысты. Онлайн форматта лицейдің өзін-өзі басқару ұйымының белсенділері қатысты. 

admin Mon, 21 Oct 2024 18:09:39 +0600
3-4 сынып оқушыларына арналған "Алтын сақа" олимпиадасының мектепішілік кезеңінің хаттамасы http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/841-3-4-synyp-oushylaryna-arnalan-altyn-saa-olimpiadasyny-mektepshlk-kezen-hattamasy.html http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/zhetstktermz/841-3-4-synyp-oushylaryna-arnalan-altyn-saa-olimpiadasyny-mektepshlk-kezen-hattamasy.html ]]>

]]>
admin Thu, 03 Oct 2024 14:16:15 +0600
5-6 сынып оқушыларына арналған "Алтын сақа" олимпиадасының мектепішілік кезеңінің хаттамасы http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/835-5-6-synyp-oushylaryna-arnalan-altyn-saa-olimpiadasyny-mektepshlk-kezen-hattamasy.html http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/835-5-6-synyp-oushylaryna-arnalan-altyn-saa-olimpiadasyny-mektepshlk-kezen-hattamasy.html 5-6 сынып оқушыларына арналған "Алтын сақа" олимпиадасының мектепішілік кезеңінің хаттамасы]]>

]]>
admin Tue, 01 Oct 2024 19:24:22 +0600