Әдістемелік жұмыстар - «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі» http://9.shymkent-mektebi.kz/ ru Әдістемелік жұмыстар - «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі» DataLife Engine ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/1262-pedagogikaly-kees.html http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/1262-pedagogikaly-kees.html

       Лицейімізде білім сапасын арттыруға, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытуға және білім алушыларды қорытынды бағалау кезеңдеріне сапалы дайындауға бағытталған кезекті педагогикалық кеңес ұйымдастырылды.
Педагогикалық кеңестің күн тәртібіне сәйкес функционалдық сауаттылықты қалыптастыру, білімді өмірлік жағдаяттарда қолдану, пәнаралық байланыс, эксперименттік және зерттеушілік дағдыларды дамыту, сондай-ақ ҰБТ-ға психологиялық дайындық мәселелері жан-жақты талқыланды.
🔹 Кеңестің алғашқы бөлімінде
И.О. Майлыбай 4-сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын қалыптастыру жолдарына тоқталып, бастауыш сыныпта оқушылардың оқу, жазу, талдау, логикалық ойлау дағдыларын күнделікті өмірмен байланыстыра дамыту маңыздылығын атап өтті. Сабақ барысында мәтінмен жұмыс, тапсырмаларды саралау және практикалық бағыттағы әдістердің тиімділігі көрсетілді.
🔹 Екінші баяндамалар легінде
Г. Айдарова мен Н. Иргашева ББЖМ талаптарына сәйкес білімді нақты өмірлік жағдаятта қолдануға бағытталған тапсырмалар арқылы 4-сынып оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жолдарын ұсынды. Олар оқушының алған білімін қолдану қабілетін бағалауда тапсырмалардың мазмұны мен құрылымына ерекше назар аудару қажеттігін атап өтті.
🔹 Үшінші бағыт бойынша
Б.С. Донаева білім алушылардың функционалдық сауаттылығын арттырудың тиімді жолдарын ұсынып, оқу процесінде белсенді әдіс-тәсілдерді, жобалық жұмыстар мен зерттеу тапсырмаларын жүйелі қолданудың нәтижелілігін дәлелдеді.
🔹 Жаратылыстану бағытындағы баяндамаларда
М. Мамбеталиева физика пәнін оқытуда эксперименттік тапсырмаларды қолданудың тиімділігіне тоқталып, оқушылардың эксперименттік зерттеу жүргізу барысында қалыптасатын бақылау, талдау, қорытынды жасау дағдыларына сараптама жасады. Эксперимент арқылы оқушының пәнге қызығушылығы мен зерттеушілік мәдениеті артатыны атап өтілді.
🔹 География пәні аясында
С. Турапбаева мен Э. Ерескенова география сабағында картографиялық сауаттылықты арттыру жолдарын ұсынып, картамен жұмыс жасау дағдыларын бақылау мен бағалаудың тиімді тәсілдерімен бөлісті. Картамен жұмыс оқушылардың кеңістіктік ойлау қабілетін дамытуда маңызды құрал екені айтылды.
🔹 Бағалау мен қорытынды дайындық мәселелерінде
М.К. Кайрбекова мен М. Салман ББЖМ, ҰБТ және қорытынды аттестаттауға дайындық барысында пәнаралық байланысты зерделеудің маңыздылығын атап өтті. Пәнаралық ықпалдастық оқушылардың білімді жүйелі қабылдауына және кешенді ойлау дағдыларының қалыптасуына ықпал ететіні айтылды.
🔹 Кеңестің қорытынды бөлімінде
Ә.Б. Бектаева мен Е. Пузанкова оқушылардың ҰБТ-ға психологиялық дайындық деңгейіне талдау жасап, емтихан алдындағы күйзелісті төмендету, сенімділік пен ішкі мотивацияны арттыру бойынша нақты ұсыныстарын ортаға салды.
📌 Педагогикалық кеңес барысында көтерілген мәселелер білім беру сапасын арттыруға, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамытып, білімді өмірде қолдана алатын, жан-жақты тұлға қалыптастыруға бағытталды. Кеңес қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар қабылданып, алдағы оқу үдерісінде жүзеге асыру жоспарланды.
✨ IT лицей ұжымы заманауи білім беру талаптарына сай, бәсекеге қабілетті, функционалды сауатты ұрпақ тәрбиелеу жолында жүйелі жұмысын жалғастырады.
]]>

admin Tue, 06 Jan 2026 14:51:29 +0600
АВТОРЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫҢ ЛИЦЕЙІШІЛІК ТӘЖІРИБЕДЕ ТАРАТЫЛУЫ http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/1260-avtorly-badarlamalardy-licejshlk-tzhribede-taratyluy.html http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/1260-avtorly-badarlamalardy-licejshlk-tzhribede-taratyluy.html
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде «Авторлық бағдарламалардың лицейішілік тәжірибеде таратылуы» тақырыбында тәжірибе алмасу сабағы өтті. Аталған іс-шара барысында қазақ тілі пәні мұғалімі К. Лайық және дене шынықтыру пәні мұғалімі Б. Жақыпов өздерінің авторлық бағдарламалары бойынша жинақтаған тиімді тәжірибелерімен бөлісті.
Кездесу барысында мұғалімдер оқу үдерісінде қолданылып жүрген әдіс-тәсілдер, авторлық бағдарламалардың оқушылардың білім сапасын арттырудағы маңызы туралы кеңінен айтып өтті. Әріптестер тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылып, тәжірибе алмасу мазмұнды әрі пайдалы өтті.
Мұндай іс-шаралар педагогтердің кәсіби шеберлігін арттырып, білім беру сапасын жетілдіруге өз үлесін қосады.

admin Tue, 06 Jan 2026 14:37:59 +0600
“ LESSON STUDY ОҚУДЫ ҚАЛАЙ ӨЗГЕРТЕДІ ?” МҰҒАЛІМДЕРДІҢ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ САБАҒЫ http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/1259--lesson-study-oudy-alaj-zgerted-malmderd-tzhribe-almasu-sabay.html http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/1259--lesson-study-oudy-alaj-zgerted-malmderd-tzhribe-almasu-sabay.html
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде «Lesson study оқуды қалай өзгертеді?» тақырыбында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған әдістемелік тәжірибе алмасу сабағы өтті.
Іс-шара барысында бастауыш сынып мұғалімдері М.Мусабаева мен А.Мырзабекова Lesson Study тәсілін оқу үдерісінде тиімді қолдану жолдары бойынша өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқушылардың білім сапасын арттырудағы маңыздылығын атап өтті.
Кездесу барысында жаңартылған білім мазмұны аясында оқыту сапасын жетілдіру, сабақ үдерісін жетілдіру және әріптестер арасында тәжірибе алмасу бағытында мазмұнды ой-пікірлер айтылды.

admin Tue, 06 Jan 2026 14:35:54 +0600
ҮЙІРМЕ ЖЕТЕКШІЛЕРІНІҢ ЖАРТЫ ЖЫЛДЫҚ ЕСЕБІ http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/1257-jrme-zhetekshlern-zharty-zhyldy-eseb.html http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/1257-jrme-zhetekshlern-zharty-zhyldy-eseb.html
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде үйірмелердің жұмысы белсенді түрде жүзеге асты. Осы кезеңде оқушылардың шығармашылық және ғылыми-танымдық қабілеттерін дамытуға бағытталған көптеген іс-шаралар ұйымдастырылды.
Үйірме жетекшілері оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыруға, жаңа дағдылар мен білімдерін жетілдіруге ерекше көңіл бөлді. Соның нәтижесінде қатысушылар әртүрлі конкурстар мен жобаларға белсене қатысып, жетістіктерге жетті.
Лицейімізде оқушылардың қосымша білім алуына жағдай жасап, олардың қабілеттерін дамыту – басты мақсатымыз болып табылады. Жартыжылдық қорытындысы көрсеткендей, үйірме жұмысы тиімді әрі нәтижелі өтті.

admin Tue, 06 Jan 2026 10:56:37 +0600
ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТ ТАҚЫРЫБЫНДА ТӘЖІРИБЕМЕН БӨЛІСУ http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/1255-zhasandy-intellekt-tayrybynda-tzhribemen-blsu.html http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/1255-zhasandy-intellekt-tayrybynda-tzhribemen-blsu.html
Ө. Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін арттыру мақсатында жасанды интеллект (ЖИ) тәжірибесімен бөлісу тақырыбында әдістемелік сабақ өткізілді.
Іс-шара барысында математика пәні мұғалімі Б. Сапархан «Questgen, Questirise» платформаларын қолдану мүмкіндіктері туралы тәжірибесімен бөліссе, математика пәні мұғалімі С.Азатов «Математика сабағына ЖИ ендіру» тақырыбында мазмұнды таныстырылым жасады.
Әдістемелік сабақ барысында жасанды интеллект құралдарын оқу үдерісіне тиімді енгізу жолдары талқыланып, мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу жүзеге асты. Сабақ қатысушылар тарапынан жоғары қызығушылық тудырып, педагогтердің заманауи цифрлық құралдарды қолдану дағдыларын дамытуға ықпал етті.

admin Tue, 06 Jan 2026 10:43:19 +0600
“АДАЛ АЗАМАТ” БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/1250-adal-azamat-brttas-trbie-badarlamasyny-ndylytary.html http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/1250-adal-azamat-brttas-trbie-badarlamasyny-ndylytary.html
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтар мен тәжірибе бірлігі»
2025 жылғы 2–3 желтоқсан күндері
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне қарасты «Балдаурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының ұйымдастыруымен өткен республикалық семинар-практикум аясында алынған тәжірибе лицейімізде кеңінен насихатталды.
Аталған семинар-практикум қатысушысы Шымкент  қаласы білім  басқармасына  қарасты  Ө. Жолдасбеков  атындағы  №9 ІТ лицейіміздің аға тәлімгері Э.Ж. Султанбаева «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: құндылықтарды білім мазмұнына интеграциялау тәсілдері тақырыбында әріптестерімен мазмұнды тәжірибе бөлісті.
🔹 Семинарда тәрбие мен білімнің өзара тығыз байланысын қамтамасыз ету,
🔹 ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды оқу пәндері арқылы кіріктіре оқыту,
🔹 оқушы бойында адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастыру жолдары жан-жақты талқыланды.
Сондай-ақ, семинар барысында А.Т.Асилова және Н.Т.Абдрашева «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын пәндерге кіріктірудің тиімді жолдарын, оның оқу-тәрбие үдерісінде мақсатты әрі жүйелі қолданылу мүмкіндіктерін нақты мысалдар арқылы түсіндіріп өтті.
Бұл бағыттағы әдістемелік ұсыныстар педагогтер үшін тәжірибелік маңызы зор болды.
✨ Семинар-практикумнан алынған идеялар мен тәжірибелер лицейімізде оқу-тәрбие жұмысын жетілдіруге,
құндылықтарға негізделген білім беру ортасын қалыптастыруға және
«Адал азамат» тәрбиелеу мақсатын жүзеге асыруға бағытталатын болады.
📌 Құндылық пен тәжірибенің бірлігі – сапалы тәрбие мен саналы ұрпақ кепілі!

admin Wed, 31 Dec 2025 11:18:58 +0600
“АДАЛ АЗАМАТ” БІРТҰТАС ТӘРБИЕ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ ТУРАЛЫ СЕМИНАР http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/1249-adal-azamat-brttas-trbie-badarlamasyny-ndylytary-turaly-seminar.html http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/1249-adal-azamat-brttas-trbie-badarlamasyny-ndylytary-turaly-seminar.html
29.12.2025 жылы лицейімізде сынып жетекшілеріне арналған мазмұнды әдістемелік лицейішілік семинар өтті.
 Семинар барысында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасының құндылықтары тақырыбы жан-жақты талқыланды.
Кездесу мақсаты – оқушыларға тәрбие беруде ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды тиімді сіңіру, сынып тәрбие сағаттарының мазмұнын байытып, заманауи әдіс-тәсілдерді қолдану жолдарын ортаға салу болды.
Сынып жетекшілер тәрбие сағаттарын өткізудің тиімді формалары, интерактивті әдістері, құндылыққа негізделген тапсырмалар мен өмірмен байланысты мысалдар арқылы тәжірибелерімен бөлісті.
Атап айтқанда,ДТЖЖО  Дусметова Н.Р.сөз бастады , Уразымбетова Л.Ж., Федулова М.С. өздерінің сыныптарында жүргізіп жүрген тәрбие жұмыстарының нәтижелерімен, оқушы бойында адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық, отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырудағы әдістемелік ұстанымдарымен бөлісті.
Кездесу соңында лицей психологы Пузанкова Е. мұғалімдерге арналған психологиялық тренинг өткізді.
Тренинг барысында педагогтардың эмоционалдық күйін тұрақтандыру, кәсіби күйзелістің алдын алу, ұжымдағы сенімді қарым-қатынасты нығайту, өзін-өзі тану мен ішкі ресурстарды ашуға бағытталған практикалық жаттығулар ұйымдастырылды.
Аталған іс-шара педагогтардың кәсіби дамуына серпін беріп, «Адал азамат» бағдарламасы аясындағы тәрбие жұмыстарының сапасын арттыруға, біртұтас көзқарас қалыптастыруға ықпал етті.
Осындай мазмұнды кездесулер арқылы лицейімізде тәрбие жұмысы жүйелі түрде жүзеге асырылып, жас ұрпақты саналы, жауапты, адал азамат етіп тәрбиелеу басты құндылық ретінде айқындалуда. 🌱

admin Tue, 30 Dec 2025 09:45:17 +0600
АЙМАҚТЫҚ ҒЫЛЫМИ-ТӘЖІРИБЕЛІК КОНФЕРЕНЦИЯ http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/1220-ajmaty-ylymi-tzhribelk-konferencija.html http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/1220-ajmaty-ylymi-tzhribelk-konferencija.html
Lesson Study – мектеп дамуының жаңа бағыты!
  28 қараша 2025 жылы Шымкент қаласында білім беру саласының үздік тәжірибелерін тоғыстырған маңызды шара – Lesson Study әдіснамасына арналған аймақтық ғылыми-тәжірибелік конференция жоғары деңгейде өтті.
  Бұл жиында өңір мектептерінің мұғалімдері, директорлары, ПШО тренерлері, зерттеуші-педагогтер мен халықаралық тәжірибені білім беру жүйесіне енгізіп жүрген мамандар бас қосты.
  Конференцияның мақсаты: Қазақстан мектептеріндегі сабақты зерттеу тәжірибесін талдау, мұғалімдердің зерттеушілік мәдениетін дамыту, WALS-2025 идеяларын практикаға енгізу және білім сапасын арттырудың тиімді жолдарын ұсыну.
Ресми ашылу рәсімі:  
Қатысушыларға құттықтау сөздерін арнап, білім берудегі өзгерістердің өзектілігін атап өткен спикерлер:
1. Калгинбаева Жанар Сакимбековна — ПШО Шымкент филиалының директоры, ф.ғ.к., доцент
2. Сейткулов Нурлыбек Акынович — Шымкент университетінің ректоры, п.ғ.д., профессор
Пленарлық отырыс: WALS-2025 әсерлері мен жаңа инсайттар:
Конференция барысында педагогтердің кәсіби өсіміне серпін берген мазмұнды баяндамалар ұсынылды:
1. «Lesson Study: мұғалімдер қоғамдастығын күшейтудің жолы» — Омарова Г.С.
2. «Моя история в Lesson Study» — Анартаева Гульзира Уласбековна
3. «Lesson Study: халықаралық тәжірибе және кәсіби даму» — Купешова А.Ж.
4. «Жаһандық тәжірибе – жергілікті жетістік» — Сауран ауданы мұғалімдері
Постерлік сессия – мұғалімдер тәжірибесіндегі зерттеулер көрмесі
Постерлік алаңда қатысушылар оқу сауаттылығы, формативті бағалау, ұлттық тәрбие, STEM, және зерттеушілік мәдениет бағыттарындағы жобаларымен бөлісті. Ерекше қуанышты жаңалық: Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің бастауыш сынып мұғалімдері –
Мырзабекова Айжан мен Мусабаева Мира – постер сайысында 1 орынды жеңіп алды.
Бұл – мектеп педагогтерінің еңбегін, зерттеуге деген ұмтылысын және тұрақты кәсіби дамуын айқын көрсететін үлкен жетістік. 
«WALS-идеялар тәжірибеде» мастер-класстар сериясы
Тәжірибелік бөлім аясында түрлі бағыттар бойынша мазмұнды шеберлік сабақтары өтті: мектепті зерттеу арқылы тиімді басқару
мұғалімдердің бірлескен зерттеуі мәтіндік талдау және оқу сауаттылығы
AI, AR/VR, нейроинтерфейс технологияларының білім берудегі маңызы
оқушылардың сыни ойлауын, мотивациясын және кәсіби бағдарын дамыту.  Бұл тәжірибе мұғалімдердің зерттеушілік дағдыларын дамытып қана қоймай, заманауи технологияларды білім беру үдерісіне тиімді енгізуге жол ашты.

admin Tue, 02 Dec 2025 11:43:58 +0600
КАФЕДРА ЖЕТЕКШІЛЕРІНІҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖИНАЛЫСЫ http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/1211-kafedra-zhetekshlern-dstemelk-zhinalysy.html http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/1211-kafedra-zhetekshlern-dstemelk-zhinalysy.html
Шымкент қаласы Ө.Жолдасбеков атындағы 9 ІТ лицейінде 2 тоқсанға арналған әдістемелік отырыс өтті.
Күн тәртібінде:
- ҚМЖ жазу үлгісіндегі өзгерістер.
- ⁠2025-2026 оқу жылындағы пән олимпиадасының өтілуі.
- ⁠Лицейдің 90 жылдық мерейтойына әдістемелік жинақтарды дайындау.
- ⁠Кафедра жетекшілерінің ұсыныстары мен өтініштері қаралды.
Әдістемелік отырысқа жауапты:директордың бейіндік оқыту, ғылыми әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары Ж.И.Сеитова

admin Sat, 29 Nov 2025 10:04:05 +0600
9 IT ЛИЦЕЙІНІҢ ОҚУ ПРОЦЕСІНЕ ЖАСАНДЫ ИНТЕЛЛЕКТІНІ КІРІКТІРУ http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/1174-9-it-licejn-ou-procesne-zhasandy-intellektn-krktru.html http://9.shymkent-mektebi.kz/o-detskom-sade/dstemelk-zhmystar/1174-9-it-licejn-ou-procesne-zhasandy-intellektn-krktru.html
2023 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауы, 2024–2029 жылдарға арналған жасанды интеллектті дамыту тұжырымдамасы, сондай-ақ Орта білім беру жүйесінде жасанды интеллектті қолдану жөніндегі әдістемелік ұсынымдар (Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, №5 хаттама, 10.06.2024 ж.) негізінде білім беру ұйымдарына оқыту мен тәрбие беру процесіне жасанды интеллект (ЖИ) технологияларын жүйелі түрде енгізу ұсынылады.
Жасанды интеллектіні енгізу бойынша ұсыныстар
1. Шағыннан бастаңыз: бір-екі қарапайым сервисті таңдап, оларды сабаққа дайындық кезеңінде қолданып көріңіз.
2. Саралапқолданыңыз:материалдардыоқушылардыңжасымен бағдарламасына сәйкес өңдеп, бейімдеңіз.
3. Қауіпсіздікті сақтаңыз: оқушылардың құпия деректерін ашық сервистерге жүктемеңіз.
4. Тәжірибеалмасыңыз:сәттітәжірибелердімектептіңәдістемелік бірлестіктерінде талқылаңыз.

admin Fri, 14 Nov 2025 10:23:12 +0600